ТОҒЫСТЫҢ «ҚАЗЫҒҰРТ» МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚАЙТА ЖАНДАНБАҚ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы Тоғыс тұрғын алабындағы «Қазығұрт» мәдениет үйінің қазіргі жағдайын аралап көрді. Мәдениет үйі 1988 жылы салынған.

Бұл мәдениет үйі «Қазығұрт» өндірістік кооперативінің меншігінде. Бүгінде нысанды қалалық мәдениет үйіне қарасты «Қазығұрт» мәдениет үйі (кітапхана) жалға алып отыр. Қазір онда үш адам жұмыс істейді. Аумағы 1130 шаршы метр нысанда жөндеу жұмыстары соңғы рет 1998 жылы жүргізілген. Бүгінде жылыту жүйелері істен шыққан.

Тұрғындар көптен бері мәдениет үйін мемлекет меншігіне алу мәселесін көтеруде. Қала әкімі нысанды мемлекет теңгеріміне алып, жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Әбден тозығы жеткен, 350 орындық мәдениет үйі қайта жөндеуден өтіп, аталған мәселе жоспарға сай шешімін таппақ.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика