ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНІҢ ЖОЛСЫЗЫҚТАРЫ СЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласының орташа жөндеуден өткен көшелерінде жолсызықтары сызылып, жарқырап тұр. Бұл жөнінде Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының фейсбуктегі парақшасында қала тұрғындарынан сүйінші сұрай жарияланды.

Жолсызықтар жол қозғалысын реттейтін белгі ғана емес, қала көшесін көріктендіре түсетін безендіргіш элемент те. Сондай-ақ, биылғы жаңалық ретінде жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен қатар, веложүргіншілер үшін де арнайы жолақ қаралғанын айта кеткен жөн.

Жолсызықтардың сызылуы Түркістан көшесінің пайдалануға берілетін күні жақын екенін айғақтап тұрғандай. Егер, бұл көше тұрғындар игілігіне беріле қалса, тек көлік жүргізушілері ғана емес, жаяу және вело жүргіншілер үшін де қолайлы болмақ.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика