ЕКІ КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында жол жөндеу, аяқжолдар және көпір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ауданда ұзындығы 613,2 шақырымды құрайтын 611 даңғыл, көшелер мен өткелдер орналасқан.

Аудан бойынша жол жөндеу жұмыстарын қажет ететін шағынаудандар мен тұрғын алаптар зерделенген. Бүгінде 62 көшеде орташа жөндеу (61,6 шақырым), 16 көшеде аяқ жол салу (23,5 шақырым), 8,9 шақырымға шағал тас төсеуге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аудан әкімінің мәлімдеуінше, негізінен шалғай аумақтардың көшелерін асфальттауға басымдық берілуде. Жыл соңында асфальт жол 407,5 шақырым (66,5%), шағал тас жол 182,8 шақырым (29,8%), топырақ жол 22,9 шақырымды (3,7%) құрайды.

Онымен қоса, Еңбекші ауданында биыл бірқатар көпірдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінде Ленгер тас жолындағы Сайрамсу өзенінің үстінен өтетін көпірдің және Қарабастау тұрғын алабындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірге қайта құру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, Маятас, Тоғыс тұрғын алаптарындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін және Елтай тұрғын алабындағы көпірдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ, бұл жылы Ленгер тас жолы бойындағы жарықшамдар жөндеуден өтті. Жалпы 12,1 шақырым болатын 14 көшеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 2021 жылға бірінші кезекте жарықтандыру жұмыстарын жүргізуді қажет ететін 28 көшенің тізімі бекітілген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика