2024-07-27

Ас беруді сән-салтанатпен өткізу үрдіске айналып барады

tories/FOTO6942.jpg» width=»300″ height=»200″ alt=»FOTO6942″ style=»float: right;» />

        Қазір көпшілік қайтыс болған адамға Құдайы тамақ беруді дәмханаларда сән-салтанатпен өткізуді үрдіске айналдырған. Ақтөбелік ағайындар бұл ислами шариғатқа қайшы екенін айтып, наразылық білдіріп отыр деп Tengrinews жазады.
        Тұрғылықты халықтың айтуынша, қазір ас беру рәсімін дәмханаларда той сияқты ұлан-асырлатып, оны арнайы адамдар өткізген. Тіпті кейбіреулер жоқтау айтатындарды жалдаған. Бірі «тойып секірсе», енді бірі әліне қарамай «тоңып секіріп», кейін қарызданып-қауғаланып, қаражат төлейді.
        Ақтөбе мешітінің имамы Бақытбек Тажимбет бір жолы жас жігіттің мешітке келіп, анасының қайтыс болғанын айтып, дәмханада ас беру үшін пайызбен қаражат сұрағанын айтады. Имам «жақынын жоғалтқан адам оны соңғы сапарға шариғат жолымен шығарып салу керектігін айтса, әлгі жігіт оған көпшіліктің күлетіндігін және кейбіреулер ренжіп қайтатынын айтқан екен. Қазір адамдар жақынының өмірден озғанына емес, жұртқа қалай ас беремін деп қабырғасы қайысады. Өйткені қоғамдағы діни сауатсыздық кесірі олардың пиғылын осылай өзгертіп отыр» дейді имам. 
        Соңғы кездері жалдамалы жоқтаушылар қатары жиілеген. «Бір апта ішінде бірнеше қазаға барғанымда, үнемі жоқтау айтып отырған бір әйелді кездестірдім. Оның айтқан сөздері адамның сай-сүйегін сырқыратады. Жақындап барып, қайғыңызға ортақпын, бір апта ішінде қаншама қайғы басыңыздан өтті десем, ол маған бұлардың ешқайсысына жақындығым жоқ деп жауап қайтарды. Сөйтсем оны жалдап алған екен» дейді діни қызметкер. 
        Сондай-ақ, дастарханға салат жасап, қара уылдырық сынды қымбат тағамдар қою да дәстүрге айналған. Тіпті кейбіреулер мейрамханаларда ас береді. Мұндайда ең құрығанда бардағы алькоголдік ішімдіктер алынып тасталмайды. Қазір қайтыс болған адамның жетісі мен қырқын қойып, жүз күндігін атап өту де жиі кездесетін құбылыс. Имамның айтуынша, Құдайы ас дастарханы қарапайым болып, ең бастысы қаза болған адамның рухына шынайы ниетпен құран бағышталса болғаны екен.
Яндекс.Метрика