ШЫМКЕНТТІКТЕР САПАЛЫ ӘРІ ҮЗДІКСІЗ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов АГРС-3 және «Бозарық» қосалқы подстанциясындағы құрылыспен танысты. Басқарма басшысы АГРС-3 жұмыс барысын бақылау барысында өз пікірін білдірді.

– Бүгінде Шымкент қаласын сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның 80 пайызы аяқталды. Яғни, автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысын осы жылдың соңына дейін бітіру жоспарлануда. Нысан іске қосылған соң, әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандарға техникалық шартты алуға мүмкіндік беріліп, қала тұрғындары толыққанды сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етіледі, – деді Жолшыбек Мұхтарұлы.

Сондай-ақ, «Бозарық» қосалқы станциясындағы құрылысты пысықтаған басқарма басшысы бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталатынын жеткізді.Оның айтуынша, қуаттылығы 160 МВт 220/110/10 КВ құрайтын қосалқы станция пайдалануға берілген соң, Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс ш/а, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкент сити, Достық және Нұрсәт шағынауданындағы 250 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика