ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ БЕРЕШЕК ҚАРЫЗЫН ӨТЕУІ ҚОЗҒАЛДЫ

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты және «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның қызметкерлерімен бірлесе көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына коммуналдық қызметтерге берешек қарыздардың өтелуі, қордаланған кредиторлық қарыз бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов өзінің жеке парақшасында мәлімет таратты.

Аудан әкімінің сөзінше, аудан тұрғындары пайдаланған коммуналдық қызметтеріне төлемақының уақытылы төленуіне аса назар аударса деген өз ойын қоса жеткізіпті. Күні кеше ғана шырайлы қалаға екінші мәрте қар түсіп, қыс ауасы салқындап, «кәрі құда» қаһарына міне бастаған сәтте төленбеген қарыз үшін жылу жүйесін ажырыратып тастау кімге болса да ауыр соққы болары сөзсіз. Осынау тар шақта коммуналдық шығындар ақысын уақытылы төлеу де тұрғндардың өздеріне үлкен көмек болары сөзсіз.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика