ҚАЛАҒА ӘР БЕРЕТІН «СМАРТ АҒАШТАР»

«ECOSANA» жобасы аясында Асанбай Асқаров атындағы Дендро саябаққа 150-ден аса ағаш түптері  отырғызылды. Бұл ағаштардың  артықшылығы, әр көшетте QR-КОД тақтайшалары орнатылмақ.

Осы арқылы  ағашты еккен адам туралы ақпарат, ағаштың өсіп-дамуы, сонымен қатар, суару уақыты да хабарламалар арқылы келіп, ескертіліп тұрмақ. «Смарт ағаштарының» ерекшелігі де осында, «ECOSANA.kz» сайты арқылы смарттардың  QR-кодтары арқылы ақпарат ала аласыздар.

Мұндағы негізгі мақсат — аға буын өкілдері мен жастарды игі шараға араластырып, «атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұлы сөзді насихаттау. Айта кету керек, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған түп ағаш пен ұлы тұлға жайында ақпарат беретін смарт тақтайшалар да орнатылып жатыр.

Жасыл ел, жасыл қала үшін  жастар атқарып жатқан іс-шараның зор серпіліс берері анық. Бұл жоба аясында жастар сенбілік тазалық жұмыстарына да жұмыла күш салып жатыр. Ерікті жастар қаланы 27 000 кг қоқыстан тазартқан.

                                                           Ақбөпе ЕРГЕШ

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика