2024-09-20

АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНІҢ БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫМЕН ҚИЫЛЫСЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАБЫЛДЫ

Биылғы 8-қаңтардан Шымкент қаласындағы Бәйдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы басталған еді. Осыған байланысты Арғынбеков көшесіндегі көлік қозғалысы үшін Бәйдібек би даңғылынан Жүсіпов көшесіне дейінгі аралығы уақытша шектеу қойылған болатын. Енді, 30-қаңтардан бастап осы көшеннің батысқа қарайғы (Бәйдібек би даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі) бөлігі жабылмақ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бөлісті.

Бүгін қала әкімінің орынбасары М.Исақов құрылыс жұмыстарына байланысты көше бойындағы тұрғын үй иелерімен кездесіп, тұрғындар үшін қосымша қолайлы жағдай жасау мүмкіндіктері қарастырылатынын түсіндірді.

Үш деңгейлі жолайырықтың құрылысы 2022-2023 жылдар аралығына жоспарланған. Жобаға сәйкес, Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген. Құрылыс жоспарына сәйкес ені 80 метрлі 4-6 жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек.

Яндекс.Метрика