2024-09-20

«ЕҢ ШЕТКІ НҮКТЕДЕГІ ҮЙГЕ ДЕЙІН ШАҒАЛ ЖОЛ ТӨСЕДІК»

Қалада көптеген кептелістер болып жатыр. Оның негізгі себебі – жол жөндеу мәселесі. Оның ішінде, қала орталығындағы Түркістан көшесі қатты ескіріп кеткен болатын, жол да, аяқжол да, ирригациялық атыздары да. Сол Түркістан көшесінде, Төле би көшесінде, Республика, Тәуке хан даңғылдарында жол жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.

Оның ішінде ирригациялық жүйелері де кешенді жаңартылу үстінде. Одан бөлек, бұған дейін асфальт жол мүлде болмаған Наурыз, Забадам, Сәуле шағынаудандарындағы көшелер жөнделуде. Келе жатқан қыркүйек айында біршама нысандардың жұмыстары бітеді, сол кезде нақты мәліметтерді қосымша хабарлайтын боламыз.

Биыл біздің аудандағы 5 шақырым топырақ жолға шағал тас төсеуіміз керек деп ұсыныс берген болатынбыз, былтыр 26 шақырым жолға шағал төсеген болатынбыз. Қазір сол 5 шақырым шағал жолымызды төсеп бітірдік. Оның дені 276 орамдағы 5 көше. Сонымен, аудан тұрғындары қажет ететін топырақ жолдың барлығын 100 пайыз шағал жолмен қамтамасыз етіп бітірдік.

Ол биылдыққа. Тағы сұраныс болса, тағы төсей береміз. Енді, ол – тұрғын үйдің салынуына байланысты болады. Мысалы, қазіргі таңда құрылысы салынып бітіп қойған үйге баратын жолға төседік. Мысалы, елді мекеннің ең шеткі нүктесінде қашықтау жалғыз үй болса, шағал жол соған дейін жеткіздік. Бүгін сізге соны көрсетемін деп ойлап едім, «апарып көрсет» десеңіз, арнайы барып көрсете аламын. Шынын айтқанда, ол жерлерді қала аумағына кіреді деп те ойламайсыз. Өйткені, 276 орамды барып көрер болсаңыз, адыр секілді қыр бар, одан асып түссеңіз 26 үй тағы бар, 5 көше. Әр көшенің ұзындығы 1 шақырымнан, соның бәріне биыл шағал төсеп бітірдік.

Ғ.Мәуленқұлов

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі

Яндекс.Метрика