ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ ГАЗ ДАБЫЛДАТҚЫШ ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласының барлық аудан аумақтарында қысқы жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасын табуда. Осы мақсатта Әл-Фараби ауданында газдан уланудың алдын алу жөнінде аудан тұрғындарына кезекті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімдігі тарапынан әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне «Газосигнализатор» құрылғысын орнату жұмыстары жүргізілді. Биыл ауданда демеушілер тарапынан 137 үйге аталған құрылғы орнатылған.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, дабыл қаққыш құрылғы газдан уланудың алдын алады. Қалада жалпы 300-ге жуық үйге газосигнализатор құрылғысы орнатылды. Мамандар қала тұрғындарына газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларына жіті мән беруді ескертеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика