2024-09-20

НЫСАН ҚҰРЫЛЫСЫ САЛЫНАТЫН ЖЕРДІҢ ОРТАСЫМЕН ҮЙЛЕСУІ КЕРЕК

Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мен басқаратын бөлім тарапынан жалпы 2 мемлекеттік қызмет түрлері: жоғарыда аталған жылжымайтын мүліктердің мекен-жайын айқындау және сәулеттік жобаларды келісу (соглосование эскизних проектов) қызметтері көрсетіледі.

Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша жыл басынан бері 15 мыңға жуық өтініштер қанағаттандырылды. Ал, сәулеттік жобаларды келісу бойынша 571 өтініштер қаралған.

Біздің мекеме көбіне, алдында айтылғандай, нобайлық жобаларды келісу қызметін көрсетеді. Биыл ол қызмет бойынша 571 нысан қаралды дедік. Олардың көбісі кәсіпкерлік, инвесторлық нысандар, сондай-ақ, мемлекеттік те мекемелер бар.

Нобайлық жоба берілген сәттен бастап, біздің мамандар барлық сызбаларды қарап, етене танысып шығады. Құрылыс салынатын жердің ортасына сәйкес болуы, үйлесуі мақсатында басқарма тарапынан өз ұсыныстарымызды береміз. Яғни, нысанның түстерін айқындайтын шешімдерін, көркейтілу, абаттандыру мүмкіндіктерін қарастырамыз.

Ә.Ө.Үлесбеков

Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы

Яндекс.Метрика