tories/bee84f3899f568e63737c4a651872878.jpg» width=»250″ height=»238″ alt=»bee84f3899f568e63737c4a651872878″ style=»float: right;» /> Бүгінгі қоғамда дін өзекті мәселеге айналып отырғаны шындық. Дәстүрлі діннен діни экстремистік топтарды ажырату қарапайым халық үшін оңай шаруа емес. Өзектіліктің тууы да осыдан. Уланған сана, бұрыс жол.
Мұсылманның парызы деп шошайтып сақал қойған өрімдей жастар жүр арамызда. қатар оларға қарайсың да ар жағында санасында, жүрегінде не бар екен деп ойға қаласың. Қалай болғанда да оның нақ осы кейпін имандылық, парасаттылықтың белгісі деп қабылдай алмайсың. Оның да себебі бар. Жарылыс, жиһад, терроризм. Олар үшін ұлттық намыс, болашақ түкке тұрғысыз. Мүмкін… Сан сауал сананы сансыратып кетеді. Бұл менің ғана емес бүгінгі қоғам мүшелерінің көкейінде жүрген күмәнді ойлар. Осындай күдікті сейілтуге бағытталған іргелі бір іс-шара қараша туа Шымкент қаласында өтті. Талқыға түскен тақырып: «Дін және әйел».
Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің мәжіліс залында өткен форумға жергілікті билік және Дін істері агенттігі өкілдері мен қатар халық қалаулылары, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен белсенділері қатысты. Алғаш Алматыда шымылдығын түрген іс-шара бұған дейінде бірқатар облыстарда өтті. Жұмысы ширап, жүйеленген. Әйел тақырыбы жан-жақты талқыланды. Ұсыныстар мен пікірлер көкейге қонады. Мінберге шыққан шешендердің сөзін тыңдап отырып дін мен салт-дәстүрдің үйлесімділігіне иланасың, бәрі солай етсе ғой деп іштей тілеулес боласың.
Тілеулестердің қатарын арттыра түсу үшін көкейге қонған пікірлерді бөлісе отырайық.
Оразкүл Асанғазықызы, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:
— Мына өмірдің мәні де, сәні де әйел. Әйел болғанда да жарына адал, жүрегі таза, дініне берік әйел. Дін мен арын қатар ұстаған қыз болашақта жақсы ана, жақсы жар болары сөзсіз. Ислам дінін мықтап ұстаныңдар, құдайға құлшылық етіңдер. Алла адамды махаббаттан жаратқан, Алланы жаныңнан артық сүй, адамды сақ-тау үшін Алланы сүй, сонда ғана отбасыңның берекесі ешқайда қашпайды.
Депутат айтқан мысал сөз
«Баяғы өткен заманда бір патшаның 40 уәзірі болыпты. Сол 40 уәзірдің ішінен біреуін ғана ақылы асқандығынан патша жанына жақын тартады екен. Бір күні патша 40 уәзірін жинап алып, бір-бір қойдан ұстатып: — Осы қойларды ешкім естімейтін, ешкім көрмейтін жерге апарып сойып келіңдер, — депті. Сонымен, қойды біреуі үйіне, біреуі орманға, енді біреулері таудан асып сойып келеді де, ал жаңағы ақылды уәзірі қайтып жетектеп келіпті. Патша оған қарап: — Сен неге соймадың? — дегенде, уәзірі: — Патшам қайда тығып сойсамда, адам баласы көрмегенмен Құдай көріп тұрады ғой, — деген екен».
Жиналған қауым Ислам дінінде бір ғана Құдай бар, не істесеңдер де құдайды ұмытпаңдар.
«Қыз Жібек» клубының жетекшісі, Маржан Ақатаева:
— Қазақ әйелі бағзы заманнан бері бесік жырын айтып келген. « Әлди » деген ұғымды оларға ешкім үйреткен жоқ. « Әлди » деген сөз « Алла » деген сөздің бір баламасы екенін ғалымдар әлдеқашан зерттеп қойған.
«Қазақ қызы хиджаб кию керек пе?» — форумда қызу талқыға түскен тақырыптың бірі осы болды. Тоқетерін айтайық, сөйлеушілердің пікірі мынаған сайды.
Х ғасырда Ислам діні ең алғаш рет Қарахан мемлекетінде қабылданған. Қарахан мемлекетінің қолжетімді тарихи жазбаларында хиджаб туралы ешқандай дерек кездеспеген. Қазақ қызының ұятты жеріне беті мен шашы кірмеген.
Форумнан түйгеніміз осы болды. Сүйінші хабар осы жиында болашақта республика бойынша жұмысы жүйеленетін қыздардың «Қыз Жібек» клубының тұжырымдамасы бекітілді.
Ертеңіне…
Ал, ертеңіне ОҚО облыстық әкімдігінде ҚР Дін істері агенттігі мен ОҚО әкімдігі және «Астана центр консалтинг» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруы, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің техникалық қолдауымен «БАҚ-тағы діни тақырыптардың жариялану мәселелері» атты семинар болып өтті. Біліктілікті жетілдіретін іс-шара-ға ҚР Дін істері агенттігінің, ОҚО әкімдігінің, “Астана центр консал-тинг” қоғамдық қорының өкілдері, ғалымдар, теологтар, дін саласының мамандары, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыс-тары мен Алматы қаласының діни тақырыптарды жазуға маманданған журналистері қатысты. Кездесу барысында діни тақырыптардың БАҚ-та жариялануы, Дін істері агенттігінің діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жасау тұрғысында журна-листік ортамен сындарлы өзара байланыстарының өзекті мәселелері қа-ралып, елдегі халықтың діни сауаттылықты ашу мәселелері талқыланды.
Іс-шара нәтижесінде қатысушылар халықтың діни сауатын көтеру және діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелерінде қоғамдық пікірді қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлі орасан екендігін айтты.
Жарылқасын ҮСЕНТАЕВ,
«Қызмет» газеті
Leave a Reply