2024-07-27

Ақша

Ақша

            Өмірдің қызығы мен шыжығын, болашақты жарқын етіп құрастыру, еркін өмір сүру үшін ең басты қажеттілік – ақша екені бәрімізге де белгілі. Ақшасыз ешқандай істің бітпесі тағы бар. Қазір  ақшамен бәрінде сатып ала беретін болдық. Үлкен зәулім үйді, көліктіде, ішіп – жейтін тағамдарды , киетін киім – кешегімізді де сатып ала береміз. Бұлар, мейлі, өмір тіршілігі үшін қажеттіліктер. Ақшаның көптігінен кейбір жандар бар жасаймын дегенін жасап, қалағанын істей беретін болды. Қалағанын істей береті дегенде, ақшаның күшімен кері жолды ұстанатындарды айтып отырмын. Мысалға алатын болсақ, кейбір ақшасы көп байлар ақшаның күшімен ҰБТ – дан құлап қалған баласына грантты сатып алып жатыр, немесе сол ақшамен билікті, болмаса соттасқан жағдайда да жеңіп шығу үшін ақшаны үйіп – төгіп сатып алып жатады, бірең – сараң байқауларда да жүлделі орындарды да қалтаның қалыңдығымен алдын орап та кетіп жатады. Неге қажет түсінбейсің? Егер, соншалықты ақшасы көп болса, адамдарға осының керегі не? Не жетпейді екен? Әділ жол ақшасыз – ақ жолын табуы тиіс.

            Беретіндер мейлі беріп жатыр, ал алатындар ше? Ақша алатындар дегенім түсінікті шығар, яғни бұл – пара. Жұмысқа тұрғың келді делік, бір мектепке мұғалім болып тұрғың келді, білімің өзіңе сай, оқушыны қанағаттандыра аласың, ал мектеп директоры сенен ақша талап етеді. Бұл қалай сонда, ақша беруші мен ақша алушы болмаса, яғни ақшасыз ештеңенің болмағаныма. Мейлі, білімі асып – тасқан адам ақшасыз – ақ кез – келген жерде жарып өтері анық. Ал білімі орта, өз дәрежесіне сай жандар ше?

            Осы біз ойлаймыз ғой ақша болса  болды бәріде жақсы болады деп. Қатты қателесеміз, ақшаға да сатылмайтын, сатылмайтын деймін – ауқұн жетпейтін нәрселер өте көп. Жай ғана бұлар ойға кіріп шықпайды, еленусіз қалады. Адамға туа біткен талантты сатып алып көрші. Ыстық сезім мен шынайы махаббат ше,сатылама? Мейірім мен шапағат сатып ала алдын ба? Бала күнгі сәбилік шағыңды қанша ақша төксеңде сатып ала  алатыныңа көзің жете ме? Қымбат жандар мен қимас бауырларыңды сатып алу мүмкін бе? О дүниеге аттанып, бақилық  болған жанды ақшаның күшімен қайтарып көрші, қайтама? Ақша, ақша дей бергенше, ақшаға сатылмайтындарды бағалайық.


                                                                  Жарылқасын Үсентаев  «Қызмет» газеті

Яндекс.Метрика