2024-09-21

Мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматқа ауыса бастады

Қазақстан Республикасы Президентінің 25.08.2014 жылғы №898 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» жарлығына сәйкес азаматтық хал актілерін тіркеу функцияларын жергілікті атқарушы органдарға берілген. Жарлыққа дейін азаматтық хал актілерін тіркеу функцияларын Шымкент қаласында 4 аудандық Әділет басқармасымен, ал бүгінгі таңда, осы функцияны Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 5 маман, 1 бөлім басшысымен атқаруда.

tories/04122019-1.jpg» border=»0″ />

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88 –V Заңының 10 бабының 1 тармағы бойынша АХАТ бөлімі мемлекеттік тіркеудің 10 түрінен қызмет көрсетеді, атап айтқанда: бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу, неке қиюды тіркеу, неке бұзуды тіркеу, әке болуды анықтау, бала қыз асырап алуды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, акт жазбаларын қалпына келтіру, акт жазбаларын жою, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру және тегін, атын, әкесінің атын өзгерту.

2018 жылдың 11 айында 53 061 , 2019 жылдың 11 айында 57 563 азаматтық хал актілері тіркелініп, мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұдан бөлек, 2018 жылы АХАТ бөлімімен қаралған заң органдарынан келіп түскен сұраныстар, ХҚКО арқылы куәліктерді қайталама беру, азаматтық хал актілеріне жазылған анықтамалар, акт жазбаларына түзету енгізу жөнінде түскен хабараламалар, акт жазбалар көшірмесін беру, түзету, толықтыру, өзгерту туралы күрделі істер, ұлттық тарихи дәстүрге байланысты арыздар, хаттар саны – 17 075. 2019 жылы хаттар саны 15 877.

Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауының басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін барынша оңтайландыру, құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқарту, қайталанатын рәсімдерді жою болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсетуді адамның өзінің қатысуынсыз электрондық форматқа толық ауыстыру қажеттілігі аталып өткен.

Қазақстан Республикасы әділет министрінің 2018 жылғы 15 сәуірдегі Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы № 219 бұйрығына сәйкес: Мемлекеттік қызмет түрлері ХҚКО-ры арқылы қабылданып жүзеге асырылуда.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары тарапынан : ХҚКО-да өтініш беруші азаматтардың жеке куәлігінде орнатылған электронды цифрлы қолтаңбасымен Е-gov Электронды үкімет порталы арқылы өтініштер қабылданса және өтініш берушілердің ұялы сымтетіктеріне хабарлама арқылы жеткізілуі қамтамасыз етілсе;

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің барлық түрін, ХҚКО-да өтініштерді электрондық үкіметтің веб порталы арқылы қабылданады.

Яндекс.Метрика