АБАЙ АУДАНЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН КЕҢЕС АЛДЫ

Шымкент қаласында кезекті «Заң керуені» акциясы Абай ауданында өтті. Республикалық акция шеңберінде Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев, Абай ауданының прокуроры Жасұлан Әділбайұлы, аудан әкімі Бұхарбай Парманов және көшпелі мобильді топ өкілдері тұрғындардың мәселесін тыңдап, құқықтық және заңгерлік кеңестерін берді.
– Бүгін халықпен тікелей кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелерді азаматтардың өз аузынан естіп жатырмыз. Тұрғындар жерді заңдастыру, әлеуметтік төлем, құрылыс, қоғамдық көлік және тағы да басқа салаларға қатысты өзекті мәселелерін жеткізуде.
Заңсыздықтар орын алып жатқан болса, осында жиналған құзырлы органдар мен мемлекеттік мекеме өкілдерімен бірлесе мәселені шұғыл шешуге мүмкіндік бар. Кейбір азаматтарға заң талаптары жөнінде түсіндіріліп, құқықтық кеңестер беріліп жатыр, — деді қала прокурорының бірінші орынбасары.
«Заң керуені» акциясы бүгін, яғни 4 қараша күні өз мәресіне жетіп отыр. Абай ауданында акция барысында 500-ге жуық тұрғынға заңгерлік, құқықтың кеңес беріліпті. Осы іс-шара барысында шешімін таппаған мәселелер Шымкент қаласы прократурасының бақылауына алынып, зерделеу жұмысы жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.
Сонымен қатар Шымкент қаласы прокуротурасында азаматтарды қабылдау орталығы тұрақты түрде жұмыс істейді. Кез келген азамат осы орталыққа барып, кезекші прокурорға өзінің талап-тілектері мен шағымын жеткізе алады. Қала прокуроры мен орынбасарлары бекітілген кесте негізінде азаматтарды күнделікті қабылдауға дайын.
Бірінші қарашада бастау алған “ЗАҢ КЕРУЕНІ” акциясы Шымкентте қарқынды түрде өтті. Барлық құзырлы орган өкілдері тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Ал төртінші қараша күні  қала прокурорының орынбасары Марат Ержан Маратұлы бастаған мамандар “ЗАҢ КЕРУЕНІ” акциясына қатысып, мегаполис халқын қабылдады.
ҚҰрамында құқық қорғау, жергілікті атқарушы және басқа да уәкілетті органдардың қызметкерлері бар топ Әл-Фараби ауданының орталығында және төменгі жағындағы шағын аудандардың тұрғындарын тыңдап, заң аясында кеңес берді.  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен  жеке қабылдау көптеген азаматтың мәселесінің оң шешілуіне ықпал етті.

Related Posts

Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика