«Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым»

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейінде әдістеме орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына орай Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты қалалық семинар өтті.

tories/17122019-17.jpg» border=»0″ />

Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін дәріптеу, талантты оқушыларға қолдау көрсету мақсатында өткен жиынды «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы А.Балажан, «Ұстаз нұры» газетінің бас редакторы Ә.Бейсе ағалар ашып, көпшілікті тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Кеш барысында №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейінде құрылған «Руна» домбырашылар ансамблі халық күйі «Тепең көкпен» сахна шымылдығын түріп, қаламыздағы №7 мектеп-лицейі, №75 мектеп-гимназиясы, №13 жалпы орта мектебі, №48 жалпы орта мектебі, №46 жалпы орта мектебі мен №6 жалпы орта мектебінің оқушылары ән мен күйден шашу шашып, өнер көрсетті. Қалалық семинарды әдістеме орталығының тәрбие бөлімінің басшысы А.Усманова қорытындылап, іс-шараға атсалысқан аталған мектептер директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арнайы алғыс хаттар тапсырылды.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика