Жаңа заң – жаңа талап

Жаңа заң – жаңа талап

 

Қазақстан Республикасының “Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы Заңы 2015 жылы 29 қазанда  №372-V ҚРЗ  қабылданып,  2016 жылы қолданысқа енді. Аталған заң 7 тарау 42 баптан тұрады.

Осы Заң ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің құқықтық жағдайын, құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ ауыл шарушылығы кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтық жағдайын, олардың құрылуы, қызметі, қайта ұйымдастырылуы және таратылуы тәртібін айқындайды.

Сонымен қатар, осы заңның қабылдануымен «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының, «Ауылшаруашылық  серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы» 2003 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды. 

Осыған орай, селолық тұтыну кооперативтері, су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативтері, ауыл шаруашылығы серіктестіктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  қайта ұйымдастыру немесе тарату рәсімдерінен өтуге міндетті.

 

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

Әділет басқармасының

бөлім басшысы  П.Ермаханқызы 

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика