2024-07-27

ТІЛ БІЛГЕН ҰТЫЛМАЙДЫ

tories/001eng1.jpg» border=»0″ />

Қазақстандағы үш тұғырлы тіл саясаты – бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Бір біздің еліміз ғана емес әлемнің алпауыт мемлекеттерінің өзі көп тілді меңгеруді маңызды міндеті деп санайды. Егер біз де өз еліміздің қарыштап дамып, өркениеттен қалмағанын қаласақ көп тіл үйренуден бас тартпауымыз керек. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік.

Қайсыбір ата-ана болмасын баласының болашағының жарқын болғанын қалайды. Жарқын болашақ үшін терең білім мен орнықты жұмыс керек.Бәсекеге қабілетті орта бәсекеге қабілетті маманды қажет етеді. Ал, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы халыққа арнаған Жолдауында.

Үштұғырлы тіл идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама бағдарламалар қабылданып, қаншасы жүзеге асырылып жатыр.

Тәуелсіздігіміздің буыны бекіген сайын қоғамның түрлі саласында шет мемлекеттермен өзара қарым-қатынас орныға түсуде. Мемлекетаралық алыс-берістер, ел ішіндегі бірлескен кәсіптердің дамуы, жаңа технологияны енгізуге деген ұмтылыс өз кезегінде көп тілге деген қажеттілікті тудыруда. Осы қажеттілікті өзге мемлекеттің емес өзіміздің елдің азаматтары өтеп жатса ұтарымыз анық. Көп тіл білу қазақ елінің болашағы үшін қажет деп түсінген жөн.

Н. АШИРБАЕВ,

Әл-Фараби аудандық пробация қызметі, бөлім инспекторы

Шымкент қаласы.

 

Яндекс.Метрика