«7-20-25» бағдарламасы бағыты бойынша төлем қабілеттілігі жеткілікті болған жағдайда, жылдық мөлшері 7 пайызды құрайтын, бастапқы жарна 20 пайыз, 25 жылға дейін берілетін несиелендіру шарттарына сәйкес, тұрғын үй алуға болады. Бұл туралы Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының tor»>фейсбук парақшасында ақпаратпен бөліскен.
Бұл бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 8 банк жұмыс атқаруда. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ-ы, «Еуразиялық Банк» АҚ-ы, «АТФ банк» АҚ-ы, «Цеснабанк» АҚ-ы, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Forte Bank» АҚ-ы, «Сбербанк»АҚ-ы.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
— Қазақстан Республикасының азаматы;
— Ипотекалық несиелердің болмауы;
— Табыстың болуы;
— Баспананың болмауы.
Кредит беру талаптары:
— қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы тұрғын үй сатып алу;
— тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 25 млн.теңгеден аспайды;
Төлем қабілеттілігі жеткілікті болған жағдайда азамат үй таңдап банктерге барып, несие рәсімдеуге болады. Одан бөлек, жергілікті атқарушы орган тарапынан берілетін кредиттік тұрғын үйлер бойынша өтініш қабылдау басталғаны туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында, қала әкімдігінің shymkent.gov.kz ресми сайтына, әлеуметтік желілерде (@upravleniezhilya) жарияланған күннен бастап өтінім тапсыруына болады.
Leave a Reply