ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СТАЦИОНАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН  15 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ БАР

Шымкент қаласы бойынша стационарлық көмек көрсететін  15 медициналық ұйым бар.  Жалпы   төсек-орын саны 3407 құрайды.

Сонымен қатар, қалада көп бейінді 4 стационар бар.  Оның ішінде қалалық клиникалық ауруханасында-490 төсек орын,  №2 қалалық ауруханасында-390 төсек орын,  № 3 қалалық ауруханасында -210 төсек орын, қалалық балалар клиникалық ауруханасында-315 төсек орын бар. Ұлтының жарқын болашағын ойлаған мемлекет алдымен азаматтарының денсаулығына көңіл бөледі.  Жалпы, «Қазақстан-2050» Страте­гия­сында және Елбасы­ның басқа да Жол­дауларында еліміздің алдында тұрған басты меже – әлемдегі ең дамы­ған 30 ел­дің қатарына қосылу екені атап көр­сетілген. «Денсаулық» бағ­дар­ламасы осы саланың 2050 жыл­ға дейін­гі жоспарлы дамуына негіз бол­мақ. Мұндай стра­те­гия­лық мақсатқа қол жеткізу үшін Экономикалық ынты­мақ­­­тас­­тық және даму ұйымы ел­дері мен Қазақ­станның дамуы арасындағы алшақ­тық­тарды жою қажет. Осыған орай мемлекет меди­цина­лық қыз­­мет­­тердің сапасы мен қол­жетім­ді­лі­гін жақ­­сартуға, қолда бар ресурс­тар­ды ұтым­ды пайда­лану­ға бағытталған ЭЫДҰ елдерінің стандарттарын кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз етуі тиіс. Оның біріншісі – халық ден­сау­­лығын сақтаудың негізі ретінде қоғам­дық ден­саулық сақтауды дамыту. Бұл де­ге­ні­ңіз – халықтың санасына ден­сау­лық­­тың қадірін ұғынуды сіңіріп, ауру­лар­­­дың алдын алуға айрықша көңіл бөлу. Халық­аралық үздік тәжі­ри­белер­ге сүйенсек, медицинаны да­мы­­ту­дың бас­ты жолы қоғамдық ден­сау­­лық қыз­­ме­тін қалыптас­тыру екен. Оның мін­деті – сани­тарлық-эпи­де­мио­логия­лық, эко­логиялық, ветеринарлық қыз­мет меке­ме­лерімен бірлесе отырып, халық­тың денсау­лық туралы ұғымын кеңейту, тиісті кеңес­тер беру, сала­мат­ты өмір сал­тын на­си­хаттау және осын­дай жүйе­лі жұ­мыс­­тар негізінде елдің ден­саулығын нығайту.

Ал екінші бағыт – медицина­лық-санитарлық амбулаториялық көмекті жаңғырту арқылы ден­сау­лық сақтау қызметтерін па­циент­­тің айналасына топтас­ты­ру. Соның аясында алғашқы меди­­­циналық көмектің әмбебап­ты­ғы артып, отбасылық дәрігер­лер­дің рөлі күшейеді. Мысалы, бір отба­сылық дәрігер сол отбасы мүше­лерінің ден­саулығына өмір бойы бақылау жасаған болса, онда олардың қандай аурулармен ауыр­­­ғанын, қандай сырқатқа бейім екенін, ағзасының ерек­ше­­лік­тері қандай екенін жақсы біле­ді. Демек, әйелдер мен ерлер­дің, балалардың созылмалы ауру­ларын емдеу және оңалту ша­ра­лары дер кезінде жүргізіліп, бұл да адамның тезірек сауығып, ұзақ өмір сүруіне септігін тигізері сөзсіз.

Сондай-ақ  қалада 5 монопрофильді стационар да жұмыс істейді.

Шымкент жүрек орталығында-134 төсек орын, қалалық онкологиялық орталықта-231 төсек орын, Т. О. Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығында- 125 төсек орын, психикалық денсаулық орталығы нда– 435 төсек орын, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы – 360 төсек орынмен жабдықталған.

Қалада 2 босандыру стационары бар.  Оның ішінде қалалық перзентханада — 162 төсек орынмен  және  қалалық перинаталдық орталық -165 төсек орынмен жабдықталған.

Қызмет ақпарат

(2000)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика