2024-09-22

ӨНІМНІҢ КАТАЛОГТЫҚ ПАРАҚТАРЫН ТОЛТЫРУ, ҰСЫНУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ ТӘРТІБІ

tories/001sait.jpg» border=»0″ />

Өнім каталогы бұл – Қазақстан Республикасында шығарылатын өнім туралы және оны өндірушілер туралы негізгі ақпараттар жазылған ақпараттық деректер.

Өнімнің каталогтау парағы «Өнімнің каталогтық парақтарын толтыру, ұсыну, есепке алу және сақтау тәртібі» ҚР СТ 1.11- 2013 өнімнің каталогтық парақтарын толтыру, ұсыну, есепке алу және сақтау тәртібін белгілейді. Осы стандарт ережесін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі — Комитет), уәкілетті органның аумақтық Департаменттері (бұдан әрі — Департамент), өнімді каталогтау жүйесін жүргізу үшін жауапты және Қазақстан Республикасы аумағында өнімді шығару каталогтарын құру жөніндегі жұмыстарға қатысатын ұйымның қолдануына болады.

Өнімді өндіруші сайтына www.memst.kz. Орналастырылған өнімді каталогтаудың ақпараттық жүйесіне сәйкес толтырады және нақты мекен жайына қарай тиісті Департаментке тіркеуге өтініммен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз тасымалдаушыда үш данада ұсынылады.

Әртүрлі нормативтік құжаттар бойынша өндірілетін бірнеше өнім түрлеріне бір каталог парағын толтыруға рұқсат етілмейді.

Өнімнің каталогтау парағы:

— өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтамалары), өнімнің белгілеу сериялары);

— нақты тапсырыс берушіге жеткізілетін жалғыз-жарым өндіріс өніміне;

— нормативтік құжаттар әзірленбейтін өнімге (мысалы, өнімнің авторлық түрлері, сувенирлер);

— өнімнің құрамдық бөліктеріне, әзірлеуші кәсіпорнында ғана жасалатын және қолданылатын технологиялық жабдықтар мен құралдарға ұсынбайды.

ӨКП толтыру кезінде өндіруші таңдау мүмкіндігі және өнімді пайдалану туралы ақпарат алуда тұтынушылардың мүддесін, сонымен қатар өнім туралы ақпаратты тұтынушыға жеткізуде өз мүддесін есепке алуға тиіс.

7. Өнімді үш жағдайда алынып тастайды:

1) өндіруші таратылған;

2) өндіруші өтініш жасаған;

3) өнімді каталогтау жүйесіне өнімнің енгізілуі (қосылуы) үшін негіз болған анық емес мәліметтер ұсыну фактілері анықталған жағдайларда өнімді каталогтау жүйесінен алып тастайды.

Тіркелген ӨКП және оларға өзгеріс өнімді каталогтаудың ақпараттық жүйесінде электронды түрде сақталады.

Тіркелген ӨКП және оларға өзгерістер қағаз түрінде тиісті Департаменттерде сақталады.

Жойылған ӨКП және сақтау мерзімі өтіп кеткен нормативтік құжаттар негізінде толтырылған ӨКП сақтау үшін өнімді каталогтаудың ақпараттық жүйесіне ауыстырылады. Жойылған ӨКП сақтау мерзімі 5 жыл.

Толық ақпаратты Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында www.memst.kz және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінен немесе ОҚФ РКМ «ҚазСтИн» алуға болады. Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Диваев көш., 148, телефон: 8 7252 29-27-26, 32-10-50, 39-46-70, 39-39-14. Электрондық мекенжай: to:arai.n.92@mail.ru»>arai.n.92@mail.ru, to:standard-777@mail.ru»>standard-777@mail.ru.

Ә. ҚЫРЫҚБАЕВА,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департамент бөлімнің басшысы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика