2024-09-22

«БАЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті

tories/001balyk.jpg» border=»0″ />

Техникалық регламент 2014 жылдың 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім шарттың 52 бабына сәйкес әзірленген.

Техникалық регламент еуразиялық экономикалық одақ аумағында қолданылатын және орындалатын, Одақ аумағында шығарылатын өнімге, яғни тағамдық балық өнімдеріне қауіпсіздік талаптарын, және сонымен байланысты өндіру процесіне, сақтау, тасымалдау, жүзеге асыру және жою, таңбалау және буып-түюге талаптарды орнатады.

Техникалық регламент адам, жануар және өсімдіктің өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, тағамдық балық өнімдерінің тағайындалуына және қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттерді ескерту мақсатында әзірленген.

Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып келесілер табылады:

— биологиялық су ресурстарынан және аквамәдениетті объектілерден ауланып алынған, өсімдік және жануар тектес өңделінген немесе өңделінбеген түрдегі келесідегідей тағамдық балық өнімдері жатады, олар:

— тірі балық және омыртқасыз тірі балықтар;

— шикі балық, омыртқасыз шикі балық, жаңа сулы сүтқоректілер, шикі балдырлар және жаңа су өсімдіктері;

— пісіріліп-мұздатылған сулы омыртқасыз, балдырлар және су өсімдіктері;

— суытылған тағамдық балық өнімдері;

— мұздатылған тағамдық балық өнімдері;

— пастерленген тағамдық балық өнімдері;

— қақталған балық;

— кептірілген балық;

— кептіріліп-қақталған балықтар;

— маринадталған балық;

— тұздалған балық;

— ыстықтай ысталған балық;

— салқындай ысталған балық;

— аздап ысталған балық;

— балалар тағамына арналған балық, сонымен қатар өсімдікті-балық негізіндегі азыққа арналған балық, балықты-өсімдікті негіздегі азыққа арналған, балық негізіндегі азық;

— кулинарлық балық бұйымдары;

— балық өнімдерінен тағамдық тартылған балық еті; (фарш)

— балық консервілері;

— май қосу арқылы даярланған табиғи балық консервілері;

— жартылай балық консервілері;

— түйір уылдырықтың түрлері;

— пастерленген балықтың уылдырығы;

— түйірсіз уылдырық;

— балықтан, сулы омыртқасыз және сулы сүтқоректілерден жасалынған тағамдық май;

— гидролизат;

— боялған тағамдық балық өнімдері жатады.

б) өндіру процесі, сақтау, тасымалдау, жүзеге асыру және балық өнімдерін жою жатады.

Кеден одағына мүшелік елдердің нарығында өнімнің біркелкі белгімен таңбалануы

Өнімнің — Кеден одағына мүшелік елдердің нарығына шығарылуы кезіндегі біркелкі таңбалануы (тракторлардың, тіркемелердің және құрамдас бөліктерінің) нарыққа шыққанға дейінгі уақытта жүзеге асырылуы тиіс.

Техникалық регламент 2017 жылдың 1 қыркүйек айында күшіне енеді.

Н. ЖҰБАНДЫҚОВ,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департамент бас маманы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика