АПТАНЫ АЙШЫҚТАҒАН ҮШ ЖАҢАЛЫҚ БОКС

Шымкент қаласындағы «Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубының» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, бокстан КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амалбек Тшановтың 80 жылдық мерейтойына арналған бокстан жастар арасында Vll Халықаралық турнир басталды.

Турнирдің ашылуына Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов пен еліміздің даңқты балуаны, ҚР Парламент Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов,Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев пен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Жиында қала әкімі Мұрат Әйтенов қоғам қайраткері Амалбек Қозыбақұлына құрмет көрсетіп,сый- сияпат көрсетті.

Биыл жетінші рет жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл халықаралық жарысқа Сидней олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, атақты боксшы Мұхтархан Ділдәбеков пен әлем чемпионы Қайрат Ералиев, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы, еліміздің мақтанышы Арман Оспанов, ардагер бапкер Зейнедин Байымбетов, спорт ардагерлері Серік Оңғарбаев, Оңалбай Аяшевтар келді. Шаршы алаңға шығып, бақтарын сынаған бұл додаға Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстанның барлық аймақтарынан жас боксшылар қатысып, бақтарын сынауда. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық жас боксшылар өз мықтылықтарын көрсетті. Шымкент қаласының құрамасы бұл әлемдік турнирде бас жүлдеден үміткер.

 

ГАНДБОЛ
Алматы облысында гандболдан Қазақстан Республикасының ХХХІ чемпионатының ұлттық лига командаларының арасындағы ІІ тур ойындары аяқталды. Республикалық жарысқа еліміздің үздік 4 командалары қатысып, өнер көрсетті.

Жарыс жолына Түркістан,Ақтөбе,Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласының талантты спортшылары шықты.

Айта өтерлігі, Шымкент қаласының намысын қорғаған жерлестеріміз бұл дүбірлі додада үш рет қатарынан жеңіске жетіп, бір ойында тең түсіп, жанкүйерлерін қуантты.

Атап айтқанда, олар:

“Шымкент”-“Тұран” 42-35,

“Шымкент”-» Сильферхов” 41-37,

“Шымкент”-“Елек” 27-27.

ФУТБОЛ

“Қайрат” — “Ордабасы” 2:2 (1:0)

Гол салғандар: Пауло Жоао 36 (1:0), Суюмбаев Гафуржан 58 (1:1), Тагыберген Асхат 68 с пенальти (1:2), Пауло Жоао 76 (2:2).

Жанкүйер күткен тартысты кездесу болды.Жоао деген бұрынғы “Ордабасының” ойыншысын тоқтату қиын болды. Бауыржан Исламханның жарақат алып алаңнан ерте кетуі қонақтардың жоспарын жүзеге асырытпады.Дегенмен Александр Седнев лайықты тактика қолданып ойынды тең күйінде сақтап қалды.

Қызмет ақпарат

(2000 символ)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика