1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады.

1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.

Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.

 

Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.

Бүгінде достық күні жер-жерде тойлануда. Сондай мерекенің бірі Шымкенттегі “ Нұрсәт” өнер мектебінде “Ұлттар достығы” деген тақырыппен өтті. Іс- шара мектеп директоры Гүлфариза Насырқызының құттықтау сөзімен басталып кеш қонақтары  Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі — Тахирбек Нишанбаев, Шымкент қалалық Әл- Фараби атындағы ғылыми әмбебап кітапхана қызметкері — Евгений Тюшевский, Түрік этномәдени бірлестігі мүшесі, қобызшы — Гүлханым Турсунова, , ҚР мәдениет қайраткері, әнші, сазгер, шет елдерде қазақ өнерін насихаттап жүрген- Абылайхан Оспанов, ҚР мәдениет қайраткері, Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның конферансье- жүргізушісі Гүлбала Абуова, ҚР Мәдениет қайраткері, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Азиза Исаева, Республикалық “Серпіліс” қоғамдық қорының директоры, “Қызмет” республикалық қоғамдық газетінің, “Ақылдым” балалар журналының, “Ардагерлер тынысы” журналының басшысы Бейсенкүл Нарымбетованың ыстық лебіздерімен жалғысын тапты. Мерекеге орай “Нұрсәт” өнер мектебінің 200 ге жуық оқушылары өнер көрсетті. Домбырашылар ансамблінің күйімен басталған іс- шарада “Нәзік” би ансамблінің, әншілер тобының, актерлық шеберлік үйірмелерінің білім алушылары өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Тақырыпқа сай көркемсурет үйірмесінің көрмесі қойылды.

Қызмет ақпарат

(1915 символ)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика