2024-09-23

ҚР СТ 2.4-2007 ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

Өлшем құралдарын салыстырып тексеруде негізінде Қазақстан Республикасы аймағында өндірілетін, енгізілетін, жөндеуден шығарылған, қолданыстағы және сақтаудағы өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізуді ұйымдастырады және тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді, қолданылу саласы осыларды қамтиды.Стандарттың талаптары өлшем құралдарын салыстырып тексеретін мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшелеріне, жеке және заңды түлғалардың метрологиялық қызметтеріне, сонымен қатар жөндеу және қолдану шараларымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларга таралады.

Өлшем құралдарын салыстырып тексергенде, белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтайды, оны растайды, олардың қолдануға жарамдылығын бекіту мақсатында жүргізеді.Салыстырып тексеру өлшем құралдарының қолдануға жарамды екендігін, олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жасалғандығын, оның метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігі расталып, сонан соң салыстырып тексерулері жарамды деп танылады.

Салыстырып тексеруден откен өлшем құралдары оң нәтижесін берсе, яғни қолдануға жарамды болса, ол пайдалану құжаттамаларына басылатын салыстырып тексеру таңбасымен белгіленеді.Егер керісінше салыстырып тексеру теріс нәтиже беріп,қолдануға жарамсыз болса, онда бұл жағдайда салыстырып тексерудің басылған таңбасы өшіріледі.Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығы, аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерге электронды есептер жүргізіп, оларды белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа берген жағдайда ғана жүзеге асады.Өлшем құралдарына бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс, инспекциялық, сараптамалық салыстырып тексерулер жүргізіледі.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру:

— Тұрақты салыстырып тексеру зертханаларында;

— Жылжымалы салыстырып тексеру зертханаларында;

— Салыстырып тексерушілерді іс-сапарға жіберу арқылы өлшем құралдарының орналасқан жерінде;

— Өлшем құралдарының иелерінің БСП-да жүргізіледі.

Мемлекеттік метрологиялық қызмет бөлімшесінің және аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің шама бірліктерінің бастапқы эталондары уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте тіркеуге жатады және ҚР МӨЖ тізіміне енгізілуі тиіс.

А. НАРЫМБЕТОВА,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика