2024-09-23

БАҒАЛЫ МЕТАЛДАР МЕН АСЫЛ ТАСТАР ТУРАЛЫ

2016 жылдың 6 ақпанынан «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (әрі қарай Заң) қолданысқа енгізілді. Осы Заң бағалы металдарды өндіру және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Бұл ретте, ие белгісінің міндетті тіркелуі, зергерлік және де басқа да бұйымдардың сынамалануы және таңбалануы, олардың өткізу саласында мемлекеттік бақылаудың өтпелі ережелері 2016 жылдың 17 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді.

Заңның  талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау жүргізетін уәкілетті орган Техникалық реттеу және метрология комитеті және оның аумақтық департаменттері деп белгіленді.

             Бағалы металлдардан жасалған зергерлік бұйымдарды сынамалау таңбалау «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ және «Қазақзергер» АҚ таңбалайтын палаталарына уәкілеттік берілген. Айтылған таңбалайтын палаталардан басқа да бәсекелестік ортаның қатысушыларына бағалы металлдардан жасалған зергерлік бұйымдарды сынамалау таңбалау жүргізуге осы Заң мүмкіндік туғызып отыр.   
             Осыған орай, өкілетті ұйымда бағалы тастар, зергерлік және де басқа бұйымдарға сараптама жүргізу тәртібін анықтауға бағытталған ережелер дайындалды.

Сонымен қатар, тұтынушыларды сапасыз өнімнен жаңылыстырудан сақтауға мүмкіндік беретін, міндетті сынамалау және таңбалаудың ережелері енгізілді.

2016 жылдың 2-жартыжылдығынан бастап,  Қазақстан Республикасы аумағында сынамалау таңбасыз (пробирное клеймо) және ие белгісіз (оттиск именника) зергерлік бұйымдарды сатуға тыйым салынған.

Бұйымдарда сынамалау таңбасы мен ие белгісінің болмауы, заңнан тыс (нелегальный) дайындалған бұйымды алудың бірден-бір белгісі болып табылады.

Осыған орай, осы Заңның орындау барысында, зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілді. Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес, зергерлік және басқа да бұйымдардың өндірілуі саласында бақылау жүргізіледі.

Зергерлік бұйымдарды міндетті сынамалау және таңбалаудың ережелері тұтынушыларды жаңылыстырудан, контрафактілік өнімдерді және бастапқы сраптамасыз өткізуді жоюға мүмкіндік береді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 190-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өздері өндірген бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу түрінде жасалған бұзушылық –

50 ден бастап 150  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады және бағалы тастар, зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасы аумағына әкелу және Қазақстан Республикасы аумағынан шығару талаптарын бұзу 30 дан 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазіргі таңда «Казахстанның зергерлер лигасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігі кеңесінің төрағасы өтінішіне және Қазақстан Республикасының Президентінің әкімдігінің тапсырмасына сәйкес Техникалық реттеу және метроология комитетінің ОҚО бойынша департаментімен зергерлік бұйымдарды сату барысында тексеру жүргізілуде. Шамалы уақытта Департаментпен бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамалардың талаптарын бұзғаны үшін сомасы екі миллионнан аса теңгеге 9 әкімшілік айппұл салынды. Аталған шара бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қарастырылған шаралар зергерлік өнімдер нарығын тәртіпке келтіріп, адал кәсіпкерлерді қолдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, зергерлік саланың ҚР-да дамуына үлесін қосады.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаменті

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика