2024-09-23

«Орамалардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің өзектендірілген стандарттар тізімі туралы

1. Стандарттар тізімі жобаларын қабылдаудың құқықтық негіздемесі:

«Орамалардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті талаптарының орындалуы және қолданылуына қажетті техникалық регламенттің талаптарының ерікті негізде сақталуының қамтамасыз етілуі кезінде қолдану нәтижесіндегі стандарттар тізімі және зерттеу әдістері (сынау), өлшеу, сонымен қатар сынаманы іріктеу ережелерінен құралатын стандарттар тізімі          және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін растауды жүзеге асыру кезіндегі стандарттар тізімін Ресей Федерациясының ауыл шаруашылық министрлігімен Халықаралық және аймақтық стандарттарды әзірлеу және қабылдау тәртібінің 4 тармағына сәйкес дайындалды.

2. Стандарттар тізімдері жобаларын әзірлеудің мақсаты келесідегідей мақсаттарға жетуге және тапсырмаларды шешуге әзірленген:

Өзектендірілген стандарттар тізімдерінің жобаларын дайындау келесілерге бағытталған:

— орамаларды дайындаушыларға КО ТР 005/2011 талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында маңызды мемлекетаралық стандарттарды қолдануға жағдай жасауға;

— техникалық реттеу нысандарының сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруды КО ТР 005/2011 бірыңғай ережелері мен сынау және өлшеу әдістері арқылы жүзеге асыруға бағытталған.

3. Стандарттар тізімдерінің жобасына қосылған стандарттар және сынау әдістері туралы қысқаша мәліметтерге тоқтай кететін болсақ, тізімге орамаға және тығандау құралдарына талаптарды орнататын — 122 стандарттар қосылған, оның ішінде 108 — мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ), 8 Беларусия Республикасының мемлекеттік стандарттары (СТБ), 3 – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары (ҚР СТ) және 3 – Ресей Федерациясының ұлттық стандарттары қосылған.

Сынау және өлшеу әдістеріне, сонымен қатар сынаманы іріктеу ережелерінің жататын стандарттар тізімдеріне – 177 стандарттар қосылған, оның ішінде – 149 мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ), 13 – Беларусия Республикасының ұлттық стандарттары (СТБ), 7 – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары (СТ РК) және 8 – Ресей Федерациясының стандарттары, сонымен қатар 6 — аттестатталынған, 44 – аттестатталынбаған зерттеу, сынау әдістемелері кіргізілген.

Стандарттар тізімдерінің жобаларына қосылған стандарттардың халықаралық және аймақтық стандарттарға сәйкестігі туралы мәлімет:

Өзектендірілген стандарттар тізімдерінің жобаларына халықаралық және аймақтық (салалық) стандарттар негізінде әзірленген 36 мемлекетаралық және ұлттық (мемлекеттік) стандарттар қосылған, оның ішінде:

26 стандарт ИСО халықаралық стандарттар негізінде әзірленген;

10 стандарт EN аймақтық (салалық) стандарттар негізінде әзірленген стандарттар қосылған.

Технкалық регламент талаптарының орындалуын қамтамасыз етілуіне және сынау және өлшеу әдістеріне, сонымен қатар сынамаларды іріктеу ережелеріне қатысты жоқ стандарттар туралы мәлімет, олар:

— парфюмериялы-косметикалық өнімдеріне арналған металдық тығындарға талаптарды орнатуға;

— қыспақты қалпақшалардың желімді жіптерінің беріктігін анықтауға арналған әдістерге;

— полимерлік және аралас тығын құралдарының тығыздаушы төсемдерінің қатпарлануын анықтау әдістеріне;

— картондың тығын құралдарының тығыздаушы төсемдерінің қатпарлануын анықтау әдістеріне;

— орамалар және тығын құралдарынан бөлінетін заттарды анықтау әдістеріне (винилхлорид, капролактама, формальдегид, ацетальдегид, ацетон, диметилтерефталат, диоктилфталат, дибутилфталат, улы элементтер).

Стандарттар тізімдерінің жобасына өзгерістерді енгізу туралы ұсыныстарды Комиссияға 25 тармаққа сәйкес Беларусия Республикасының Стандарттау бойынша мемлекеттік комитеті ұсынды.

КО ТР 005/2011 «Орамалардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгізілген.

«ҚазСтИн» РМК

Оңтүстік Қазақстан филиалының

бас маманы А.С. Махамбетова

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика