2024-09-23

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ РЕСМИ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2018 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің насихатталуы мен қолданылуына бақылау жүргізу мақсатында                2018 жылдың 02 – 14 сәуірі аралығында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаменті, Облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық жергілікті полиция қызметінің жауапты қызметкерлерінен құралған топ облыстың Бәйдібек, Созақ, Отырар, Ордабасы, Төлеби аудандары мен Арыс, Кентау, Түркістан қалаларындағы мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолданылуына мониторинг және көрнекі үгіт құралдарына талдау жүргізді.

Талдау жұмыстары барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңының 4 бабы, 1 тармағының бірінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында орындарда міндетті түрде тігіледі (көтеріледі, орналастырылады) деп көрсетілген заң нормасын сақтамаған жалпы орта мектептері көптеп артылады. Жекелеген ауыл округі әкімдігінің ғимаратына осы уақытқа дейін мемлекеттік елтаңба мүлде орнатылмағаны анықталды. Әкімдіктің мәжіліс залында мемлекеттік рәміздер орнатылмаған.

Мониторинг барысында мемлекеттік мекеме басшылығы орын алған кемшіліктерді дер кезінде жойып, ғимаратқа мемлекеттік ту орнатылды. Мекеме басшылығы тарапынан аталған кемшіліктерді дер кезіне жоюды ұйымдастырмағаны салдарынан жергілікті полиция қызметімен бір мектептің басшысына және бір ауыл әкіміне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 458 бабы негізінде әкімшілік айыппұл салынды.

Мемлекеттік рәміздер туралы заңнамада «Елтаңба» және «Елтаңба» бейнесі деген екі ұғым бар. Елтаңба – мүсінді, стандартқа сай диаметрі 120 мм-ден 3 м-ге дейінгі көлемде жасалады. Оны мекеме маңдайшасында, ғимарат сыртына, мәжіліс залына және бірінші басшының кабинетінде қолданады. Ал, Елтаңба бейнесін – тек стендте, фирмалық бланкіде, қызметтік куәлікте және көрнекі үгіт құралдарында ғана қолданады.

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1371 қаулысындағы мекемелердің маңдайшаларын жасау талаптарында тек 120 мм көлеміндегі Елтаңбаны қолдану қажеттігі жазылған.

Алайда, кейбір мемлекеттік мекеме маңдайшасына мемлекеттік елтаңба емес елтаңба бейнесі жапсырылған. Яғни мемлекеттік мекеме маңдайшаларын жасау талаптары сақталмаған.

Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер ғимаратындағы мекеме маңдайшасындағы Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Тулардың қолданыс барысында тозығы жеткендігі анықталды (СТ 989-2014 стандартқа сай келмейді). ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартының 7 бабына сәйкес, дайындаушы шығарылатын өнімді тасымалдау, сақтау және сапасын бақылау шарттарын сақтау кезінде осы стандарттың талаптарына Мемлекеттік Елтаңба сапасының сәйкестігіне кепілдік береді. Аталғанға байланысты мемлекеттік мекеме басшыларына мемлекеттік рәміздерді ашық ауада пайдалану барысында сапасы төмен болған бұйымды өндіруші кепілдік мерзімі аясында ауыстырып беруі міндетті екендігі жеткізілді.

Талдау жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер жойылды.

М.ТЕЛҒАРАЕВ,

Техникалық реттеу және меторлогия комитетінің ОҚО бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика