2024-09-23

Премьер-Министр қаланың дамуымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкентке жұмыс сапарының қорытындысында жиын өтіп, оған бірқатар министрлер, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары және басқарма басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

tories/0m.jpg» border=»0″ />

Шымкент қаласының әкімі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірнеше ірі жобалар туралы баяндады. Олардың арасында әуежайдың жаңа терминалын салу, теміржол вокзалын қайта құру жобалары бар. Бұған қоса «Шымкент Сити» жобасы және үшінші мегаполисте 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы аясында өтетін іс-шараларға дайындық барысы туралы да баяндады.

Сондай-ақ, кеңейтілген мәжілісте Шымкентте алдағы уақытта салынатын білім беру нысандары талқыланды.

Асқар Ұзақбайұлы аталған жиынға дейін Шымкент қаласындағы құрылысы жүріп жатқан аудандар мен бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралаған болатын.

«Қызмет» ақпарат

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика