2024-09-23

Елбасы портреттері алынбайды

Елбасы Н.Назарбаевтың Республика Президенті өкілеттігін тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін, ҚР Конституциясының 48-бап, 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті қызметі ҚР Парламенті Сенат палатасының төрағасы Қ.Тоқаевқа көшті.

tories/0mmmm.jpg» border=»0″ />

Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылдың 20 наурыз күні ҚР Парламентінің бірлескен отырысында Қазақстан халқына салтанатты түрде ант беріп, ҚР Президенті қызметіне кірісті.

Жаңа қызметіне кіріскен Қ.Тоқаев Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаевқа «Халық қаһарманы» мәртебесі мен «Алтын жұлдыз» белгісін табыстап, барлық мемлекеттік мекемелерде Елбасы портреттері алынбайтынын баса айтты.

«Қызмет» ақпарат

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика