2024-09-23

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ — АСА ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ!

tories/-0100111.jpg» border=»0″ />

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық көріністері: инкубациялық кезең (ауру қоздырғышын жұқтырғаннан-аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім) 1-14 күнге дейін созылады, бұл кезеңнің ұзақтығы вирусты жұқтыру жолына байланысты болады.

Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының кенеттен 380С және одан жоғары көтерілуімен, қатты бас ауыруымен, көздің қызаруы, арқа, лоқсу, құсу, іш ауыруы немесе өтуі, ал ауру одан әрі дамыған жағдайда денеде бөртпелердің пайда болып, мұрыннан, жатырдан, асқазаннан қан кету және ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы қалай жұғады?

Негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасмалдаушы кене, сонымен қатар жабайы және үй жануарларының ағзасында да ауру қоздырғыштары болады. Адамның ауруды жұқтыруы жұқпаланған кенемен қатынаста немесе кене шаққан жағдайларда, қанында вирусы бар жануарларды сою және ауру адаммен қарым-қатынас болған жағдайда жұғады.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу жұмыстары:

Аурудың алдын-алу үшін табиғи ошақ аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен буферлік аймақтарды, үй жайлар ауласы мен демалыс аймақтарын кенеге қарсы залалсыздандыру қажет.

Табиғи ошақтарда орналасқан тұрғындар малдарды күтіп қарағанда, жануарларды сою мен етін бөлшектеуде және қырқым кезінде кенелердің шабуылынан және кене қанымен жанасты болдырмау мақсатында жеке қорғану үшін арнайы киім кию қажет (қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу, жақсы қорғалған аяқ және бас киім, резіңке колғап).

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтану жолдары:

Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию қажет. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңіз және өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын, бастың шаш бөлігі, дененің артқы жағы т.б.) бір-біріңіздің үстеріңізді мұқият қарап отыру қажет.

Дененің ашық жерлеріне және киімге кене ағзасына кері әсер ететін немесе оны жоюға арналған арнайы акарорепеленттерді, акарицидтерді және жеке қорғану құралдарын қолдану қажет.

Кене шаққанда немесе кенемен жанаста болу арқылы аса қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін болғандықтан, өзіңізді және өз жанұяңызды қорғау үшін міндетті түрде жеке басты қорғау, сақтану құралдарын пайдаланыңыз! Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет.

Н. НЫШАНОВ,

Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы

 

 

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика