Жасыратыныtories/icaqy9m1x.jpg» width=»242″ height=»153″ /> жоқ, отбасындағы ұрыс-керіс көбіне ақшадан басталады. Осы ақша мәселесі отбасының шырқын бұзбау үшін не істеу керек?Біз сіздерге бұл жолы ұрыс-керістің шығу себептері және сол жағдайды әрқайсымыз өзімізді қалай ұстағанымыз дұрыс, осы туралы айтуды жөн көрдік.
Қай тақырыпта болмасын әңгіме қозғауға болады, бірақ ақшаға келгенде қай-қайсымыз болмасын, ыңғайсыздық сезінетініміз рас. Оған себеп ақша туралы өткен 70 жыл қалыптастырған пікір аса дұрыс емес. Біз сол пікірлерден әлі де арыла алмай келеміз. Ақшаны жақсы көру, бұл қоғамға жат нәрсе, сондықтан да көбіне ақша туралы әңгімені айналып өткен тиімді көрінеді. Бейтаныс адамдармен бұл әрине орынды, ал, жақындарыңызбен ше? Әңгімелесуге тура келеді. Өйткені онсыз мүмкін емес. Батыста байлық және жалақы туралы әңгіме қозғау қалыпты жағдай. Ал,бізде… Отбасындағы ақша туралы ашық әңгіме көбіне кикілжің тудырады. Мұны психологтар да жоққа шығармайды. Олардың зерттеуі бойынша ақшаға байланысты туатын ұрыс-керіс, қызғаныштан кейінгі екінші орында тұрады екен. Мүмкін бұл біздің қоғамда ақшаға деген көзқарастың түбірінен дұрыс еместігінен шығар?…
Егер сіз үй шаруасындағы әйел болсаңыз…
Біздің елімізде отбасының асыраушысы негізінен ер азаматтар. Бәлкім сіз, олай емес, кешіріңіз сіз жаңылысып тұрсыз дерсіз, қалай болғанда да сіз бала күтімімен жүргенде бәрібір отағасының қолына қарайсыз. Көп жағдайда отбасындағы ақшаға қатысты кикілжің мен келіспеушілік осы кезеңде туындайды. Себебі, өзі ақша тауып жүрген әйел мұндай тәуелділікпен келісе алмайды. Ол күйеуі әкеліп берген ақшаны үй шаруашылығына, бала-шағасына, күйеуіне жұмсайды. Отбасылық бюджеттен жырып, өзінің қажеті үшін ақша жұмсау оған ыңғайсыз көрініп тұрады. Ал, көп жағдайда мұндай ахуал ер заматтарға өте ыңғайлы көрінеді, ол әйелінің керек-жарағына қосымша ақша беруді ойламайды да. Ерте ме-кеш пе, мұндай жағдай міндетті түрде ұрыс-керіс туғызады.
Не істеу керек?
Ең ақылды шешім, ішіңізге жинай бермей жолдасыңызбен ашық сөйлесіп, сізге
не керек, ерін бояйтын далап па, жоқ иіс май ма бәрін айтыңыз. Мүмкін киімдеріңізді жаңалайтын уақыт келген шығар мұның бәрі еркелік емес, керек нәрселер. Мұндай сатып алуларға қаражат керек кезінде немесе апта сайын берілгені жөн..
Егер сіздер бір-біріңізді көзбен түсінетін болсаңыздар…
Бүгінгі таңда бірқатар отбасылар отбасылық қаражатты жұмсауды батастық
жанұялардан үйреніп жүр. Мұнан үркетіндей де жағдай жоқ. Себебі, өмір сүру салтымыз ұқсас. Бәрінде банктен алған несие бар болмаса басы артық ақшасын депозитке салып қойған. Енді қалғанын бөлу керек, қалай? Екеуі де жұмыс істейтін болғандықтан көбіне коммуналдық төлемдер мен азық-түлік алуды әйел адам міндетіне алады да, ер азамат балаларының оқуға төлемін басқа да қомақты деген төлемдерді міндетіне алады. Бір қарағанға мұнан артық шешім табу мүмкін емес сияқты, себебі біздің елімізде әйелдерге қарағанда еркектердің табыс көлемі жоғары.Бірақ… есептеп кеп жіберсеңіз, бір қарағанға майда-шүйде болып көрінген азық-түлікпен коммуналдық төлемге деген шығын сіздер қомақты деген қаржыдан да асып түсуі де мүмкін. Осыдан кейін әйел де реніш тумағанда қайтсін!
Не істеу керек?
Ең дұрыс жолы отбасылық бюджетке әйелі де, ері де табатын табысына қарай белгіленген мөлшерде қаржы құятын болса, әңгіме азаяды. Сонда кім көп табыс тапса сол көбірек құяды емес пе?
Егер сіз кәсіпкер болсаңыз…
Әйелі күйеуінен көп ақша табатын жағдайлар да кездеседі. Әрине, мұны қалыпты жағдай деуге келмейді, бірақ өмірде кездеседі. Және кез-келген ер азамат мұнымен келісе бермейді. Мұндай жағдайда әйел өзінің бар мүмкіндігін, ақылын салып, реніш пен
келіспеушілікті болдырмауы керек.
Әйелінің өзіне қарағанда өмірде көп жетістікке жетуі қандай еркекке болмасын үлкен сын, егер ол ойын сыртқа шығаруды жөн деп таппайтын жан болса, іжтей мүжілуі әбден мүмкін. Егер әйел осы жағдайды өзін ақылмен басқарып жүре алмаса, сүйгенінің жан-дүниесіндегі өзін қорсынуды реттей алмаса, бұл отбасының шырқы бұзылады. Ер азаматтарға барлық уақытта қолдау керек және олармен мақтана алсаң тіпті жақсы. Ол үшін мейлі ол мансап баспалдағымен көтеріле алмай-ақ қойсын, бірақ оның тұлға ретінде айналасындағыларды мойындата алуы аса маңызды.
Көп адамдар егер еркек отбасын асырай алмаса, онда ол еркек емес деп есептейді. Егер әйел өзінің табыскер екенін, ақшаны көп табатынын қайта-қайта еске салатын болса, ер азаматтың өмірі тіпті қиындай түседі. Өзінің құдай қосқан жарынан қолдау таппайтынын сезінген ол өзіне деген сенімділігін жоғалтады, қалыптасқан жағдайды өзгерту оған қиынға түседі..
Не істеу керек?
Мұндай жағдайда бәрі әйелге байланысты болады. Егер сізге отбасы қымбат болса,. Егер сіз ұрыс-жанжал болғанын қаламасаңыз, онда еріңізге өмірдің осылай кете бермейтінін, бәрінің өзгеретінін жеткізіп түсіндіріңіз. Мың рет сен үйге ақша аз әкелесің дегенше, мың рет еріңізге қолдау көрсетіп қолпаштаңыз. Әйел адам қылығын, ақылын қолынан келгеннің бәрін салып, сүйіктісіне онсыз өте қиын болатынын, отбасында отағасының орнын ешкім алмастыра алмайтынын көрсету керек.
Бейсенгул Жақсыбекқызы
Бетті дайындағын: Нұрлан Әлімбаев
«Қызмет» ақпарат
{jcomments on}
Leave a Reply