Коммуналдық шығынды өтеуге 23 884 өтінім түскен

Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау мақсатында іске қосылған Сommunal-komek.kz интернет платформасына 23 884 өтінім келіп түскен. Қазір барлық азаматтардың өтінімдері тексеріліп жатыр.

15 000 теңге көлеміндегі коммуналдық төлемге қатысты қала тұрғындарына кеңес беру үшін 29 сәуірден бастап 8(7252) 39-23-68 сымтетігі бойынша 10 байланыс каналынан тұратын Call-орталығы жұмыс істеп тұр.

Байланыс нөмірлері:

Абай ауданы: 8-778-171-00-28, 8778-471-10-45

Еңбекші ауданы: 8-778-171-00-37, 8-778-171-00-47, 8-778-471-10-29

Әл-Фараби ауданы: 8-778-171-00-56, 8-778-171-00-51, 8-778-471-10-57

Қаратау ауданы: 8-778-171-00-76, 8-778-171-00-26, 8-778-471-10-49.

Айта кетсек, орталық тарапынан қазірге дейін 12 мыңнан астам азаматтың сұрақтарына жауап берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика