«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясындағы тікелей эфирде «Жасыл белдеу» КММ директоры Пірімқұлов Керімжан сұқбат берген болатын. Осы сұқбаттан Шымкент қаласының көркейту, көгалдандыру және орман белдеумімен көмкеру шаралары жайындағы мәліметтерді оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Қала тұрғындары және қонақтары, азаматтары қала аумағында жасыл көгал құру бойынша Шымкент қаласы облыс орталығы боп тұрған кезде, қаланың шекаралық аумағында «Жасыл аймақ» құрылған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан жұмыс барысы президенті жарлығымен Шымкент қаласы Республикалық маңызы бар статус алған соң, қаланың шекарасы 116 мың 280 гектар боп белгіленді.
Шымкент қаласының аумағында қалған 3578 гектар және мемлекеттік орман 750 гектарды қорғап, оның орманын өсіру, қорғау, молайту және сақтау іс-шараларын жүргізу үшін 2018 жылы 5 қырқүйекте қала әкімдігінің 133-ші қаулысымен «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Мекеменің негізгі мақсаты – қала аумағында орналасқан орман қорын қорғау, орман өсіру және жасыл аймақтарға ағаш егу, күтіп-баптау, молайту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Сонымен қатар, қала мен халықтың көшет өсіру сұраныстарын қамтамасыз ету үшін, орман тұқым бағын ұйымдастыру жұмысымыздың негізгі бағыты мен мақсаты осы. Жалпы, мекемеге қарасты 976 га жер учаскесінде 266 мың түп ағаш көшеттері өсіп тұр.
Бүгінгі таңда оларды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Негізінде, Түркістан облысының меншігінде қалған 4331 гектар жер, оның ішінде 3578 га жасыл аймақтағы 752 га мемлекеттік орман қоры боп табылады. Жер учаскелерін қала аумағына өткізу үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі күнде 752 га орман қоры жерін қала меншігіне ауыстыру бойынша Қазақстан Республикасы үкіметінің премер министрлік кеңсесінде келісіліп, қорытындысын күтіп отырмыз.
Жалпы, мекемеде 100 жұмысшы штаттық бірлік бар. Сонымен қатар, 2020 жылы мекеменің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында біршама техникаларды алуға қол жеткіздік. Атап айтқанда, 10 дана трактор, экскаватор погрузчик, «УАЗ», «Нива» авто көлігі, сонымен қатар, конкурс нәтижесінде бір автобус пен машина аламыз деп күтіп отырмыз. Жер дайындау жұмыстарына қажетті агрегаттар бойынша 7 дана соқа, культиватор, көшет қазуға арналған агрегаттарды алуға қолымызды жеткіздік.
Биыл мекеменің материалдық базасы біршама ұлғайып, жұмыстар жүріп жатыр. 976 жер учаскесіндегі күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Мысалы ол жерде 40га жер айдалып, 60 га жерде ағаш кесу жұмыстары жүргізілді. 20 га жерге арық жүйелері жасалып, көшет арам шөптерден тазартылу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жұмыс техникалық талаптарға сай өтіп жатыр.
Ағаш өсіретін тұқымбаққа тоқталып өтсек. Орман қор жерінде 752 га-дың 2 гектарында біз қара ағаш көшетін, алма, шабдалы жеміс ағаштарының тұқымдарын сеуіп, келер жылға 170 мыңдай түп ағаш көшетін алуды межелеп отырмыз.
Сонымен қатар, 8,2 гектар жерге күз айында ағаш тұқымдарын себу жұмысын аяқтадық. Келешекте жасыл аймақ пен қала көшелерін көғалдандырамыз деп отырмыз.
Бұдан бөлек, өрт маусымы жаз айларында көп болады, соның қаупін сейілту үшін жұмыс жасаймыз. Орман өртін өшіретін құрал-саймандармен қамтамасыз етілгенбіз.
Кейде, қауіпсіздікті сақтау жөнінде үнпарақтар таратамыз. Үгіт-насихат жұмыстары бойынша 2 телеарнадан көрсетілім берілді. Интернет желілері арқылы 5 мақала беріліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
К.Ж.Пірімқұлов
«Жасыл белдеу» КММ директоры
Тікелей эфирдегі сұқбатты жазып алған Ақбөпе ЕРГЕШ
Leave a Reply