ТОҚСАНБАЕВА Ж.С.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы,
фармакогнозия және химия кафедрасының профессор м.а., фарм.ғ.к.
БИІК АНДЫЗ – ДЕВЯСИЛ ВЫСОКИЙ — INULA HELENIUM L.
Астрагүлділер тұқымдасы – Семейство Астровые – Аsteraceae Dumort.
Сипаттамасы. Биіктігі 2,5 метрге жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, үш жағы бұтақталған, сыртында қысқа түкте-рі бар. Сабақтың түп жағында орналасқан жа-пырақтары эллипс тәрізді иректелген, үстіңгі беті сәл қатпарлы. Сирек түктер басқан, астыңғы жағының түктері қалың, бір-бірімен ұйысып жатқандықтан мақпалдай жұмсақ, сағағы ұзын. Сабақтың ортаңғы жеріндегі жапырақтары жұмыртқа пішіндес, ұшына жақындаған сайын таспа тәрізді болып сабақ-қа бекінеді, тамырсабағы жуан, қысқа, етті бірнешеге тарамдалған, аздап қосалқы тамырлары бар. Себет гүлшоғырлары ірі, диаметрі 4-8 см, себеттің шетіндегі орам гүлдері сары түсті. Жемісі – төртқырлы, ұзын айдаршалы қоңыр түсті тұқымша. Маусым-шілдеде гүлдеп, тамыз бен қыркүйекте жемістенеді.
Медицинада тамыр сабағы мен тамырын пайдаланады.
Таралу аймағы. Қазақстан территориясында Тобыл – Есіл, Ертіс, Семей, Көкшетау, Павлодар, Ақтөбе, Мұғаджар, Ұлытау, Зайсан, Арал, Мойынқұм, Балқаш – Алакөл. Алтай, Жоңғар Алатауы, Іле, Күнгей Алатауда, Қаратауда кездеседі.
Экологиясы. Қарағайлы, жалпақ жапырақты ормандарда, бұталардың арасында, шалғынды беткейлерде, ылғалды жерлерде, субальпі белдеулеріне дейін өседі.
Қоры. Іле Алатауында биік андыз тамырының өндірістік қоры 17 т, Жоңғар Алатауында 12,5 т, Шығыс Қазақстанда зерттелген жеріне байланысты қоры 0,6-дан 21,4 тоннаға дейін ауытқиды.
Химиялық құрамы. Тамырсабағы мен тамырында эфир майы (1-3 пайыз), сапониндер, шайырлар, сілемейлі және ащы заттар (ащы зат тек жапырағында) болады. Эфир майының негізгі бөлігі алантолактон, изоалантолактонның қоспасы. Тамырының дигидроалантолактон, фриделан, даммарадиенилацетат, даммарадиенол, фитомелан инулин (44 пайызға дейін), Е дәрумені (25,5 – 1,73мг пайыз) бөлініп алынады.
Қолданылуы. Биік аңдыздан жасалған препаратты асқазанды жақсартуға, әртүрлі мүшелер қабынғанда қолданылады. Тамыры-ның қайнатындысын қақырық түсіруге, ты-ныс алу жолдарының ауруына және зәр айдау үшін ішеді. Тамыр қайнатындысын тыныс жолдары ауырғанда қақырық түсіру үшін пайдаланады және зат алмасуды жақсартады.
Халық медицинасында тыныс алу жолдары қабынғанда, несеп айдауға, тері ауруларын және жараны емдеуге пайдаланады.
tories/92858586.jpg» width=»300″ height=»225″ alt=»92858586″ />
ДӘРІЛІК ТҮЙЕЖОҢЫШҚА — ДОННИК ЛЕКАРСТВЕННЫЙ — MELILOTUS OFFICINALIS
Бұршақтар тұқымдасы – Семейство Бобовые – Fabaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 30-100 сантиметрге жететін екі жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы тік, жылтыр. Тамыры кіндіктеле тарамдалған. Жапырақтары күрделі үшқұлақ, ұзын сабақты, өркен бойына кезектесіп орналасады. Жеке жапырақтары дөңгелек, жиегі тіс тәрізді иректелген, тақтасының үстіңгі беті жылтыр, астыңғы жағында қысқа түктері бар. Гүлдері шашақ гүлшоғырын құрайды, жапырақ қолтығынан шығады. Тостағанша жапырақшалары 5, ақшыл-жасыл, күлтелері де 5, сары түсті. Жемісі – бұршаққап, сыртында көлденең қатпарлары бар, ішінде бір тұқым болады. Мамырдан шілдеге дейін гүлдейді.
Медицинада гүлдегенде жинап алып
сабағының жоғарғы бөлігін пайдаланады (жуан сабағы жарамайды).
Таралу аймағы. Қазақстанның биік таулы аймақтарынан басқа жердің бәрінде бар.
Экологиясы. Шалғындықтарда, өзен арналарында, тоғайларда, сортаң топырақта өседі, өте сирек арамшөп ретінде егістіктерде кездеседі.
Қоры. Батыс тарбағатайда кепкен шөбінің өндірістік қоры 18 гектар жерде 2,02 тоннаға тең.
Химиялық құрамы. Өсімдікке хош иіс беретін, кепкен шөбінде 0,4-0,9 пайыз кумарин (дигидрокумарин, мелилотозид) сілекейлі зат, холин, аллантоин болады. Тұқымының құрамында пальмитинді (4,6 пайыз), стеаринді (3,36 пайыз), олеинді (12,7 пайыз) линольді (63,3 пайыз) қышқылдары бар май, т.б. заттар бар.
Қолданылуы. Медицинада түйежоңышқадан алынатын препарат орталық жүйке жүйесінің жұмысын бәсеңдетіп, сіңір тарты-лып тырысқанды басады және наркотикалық әсері де күшті. Сәуле терапиясынан пайда болған қан аз ауруына қарсы қолданылғанда кумарин қанның ақ түйіршіктерін (лейкоциттер) көбейтеді.
Халықтық медицинада ұйқы қашқанда, метеоризмге, тыныс алу жолдары мен өкпе ауруларын емдейді. Қайнатпасы мен тұндыр-масын іріңдеген жараны жазу, қабынуды басу үшін теріге жағады. Шөбінен ірің шығару үшін жасыл пластырь жасайды. Жапырақтарынан алынған мелиоцин препаратының әсе-рі алоэ экстрактысынан әлдеқайда жоғары. Парфюмерия өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады.
tories/_1.jpg» width=»300″ height=»181″ alt=»_1″ />
МАҚСЫР РАПОНТИКУМ — МАРАЛИЙ КОРЕНЬ — (ЛЕВЗЕЯ САФЛОРОВИДНАЯ)
РАПОНТИКУМ САФЛОРОВИДНЫЙ – RHAPONTICUM CARTHAMOIDES
Астрагүлділер тұқымдасы – Семейство
Астровые – Asteraceae
Сипаттамасы. Биіктігі 50-180 см жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы ағаштанған, көлбеу, өзіне тән иісі бар. Сабағы жуан түзу, ұсақ қырлы, себеттің асты түкті, басқа жақтары жалаң. Жапырағы қауырсын тарамды, ұзындығы 12-40 см, көлденеңі 25-20 см, отырмалы, жиектері ұсақ ара тісті, ені жағыда жасыл, жұмсақ, үсті жылтыр, асты аздап түкті, төменгі жапырақтары сағақты, үстіңгілері тырмалы. Себеттің көлденең 4-6 см, бірден. Орамдары жарты шар пішінді, көлденеңі 4-6 см, қоңыр түсті, ақ түсті. Гүлтабаны көп тікенмен жамылған. Күлтесі қызыл – күрең түсті, ұзындығы 25-32 мм. Аталық жікшелері емшектермен қапталған. Тұқымының ұзындығы 6-8 мм, төртқырлы, көлденең әжімді, қоңыр. Маусым-шілдеде гүлдеп, тұқымы тамыз-қыркүйекте жетіледі.
Медицинада тамыры мен тамырсабағын пайдаланады.
Таралу аймағы.Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауында кездеседі. Субальпі, альпі, белдеу шалғынды жерінде, таудың кейде орманды белдеуінде де өсіп — өнеді. Табиғатта бұл өсімдік түрі өте азайып
барады.
Қоры. Өндірістік кептірілген қоры Шығыс Қазақстан облысында 34,1тонна.
Химиялық құрамы. Тамыры мен сабақ тамырында алкалоидтар – 0,1 пайыз, аскорбин қышқылы, каротин, А дәрумені, инулин – 5 пайыз, илік заттар, фосфор тұзы, эфир майы бар.
Қолданылуы. Марал түбірі емдік өсім-дік ретінде жень – шенге өте жақын. Сабақ тамырынан алынған сұйық сығыны қуаттандырғыш, яғни организмнің, тканьнің қызметі мен күшін қоздыру, көтеру үшін қолданады. Жүйкенің бұзылуына, ақыл-естің және адам-ның жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне, белсіздікке (половое бессилие) қарсы дәрі. Марал түбірі препараттары өте зиянсыз және орталық жүйке жүйесін қоздырушы дәрі. Се-бебі, қан тамырындағы қан айналым жыл-дамдығын арттырады, қандағы эритроцит (қанның қызыл түйіршіктері) мен гемоглобин (қан бояғыш қызыл зат) санын бірқалыпты ұстайды. Халық арасында марал түбірінің (маралий корень) қайнатпасы мен тұнбасы адам шаршағанға, әлі кеткенді сергіту, қабі-леттілікті және қуатын арттыру, әлдендіру үшін дәрі.
Бұл өсімдікті мәдени түрде өсіруге бола-ды. Оның өнімділігі бір гектардан 250 ц (жер беті бөліктері), дәні 2 ц, үшжылдық өсім-діктің тамыры мен сабақ тамырының кепті-рілген өнімділігі бір гектардан 15 центнер. Өте жақсы сүрленеді. Бал беретін өсімдік.
Тамырдан тұқымы жетіле бастаған кезден жинауға болады. Топырақтан тазалап, суық сумен жуып, күнге кептіреді. Мәдени өсірілген өсімдіктің тамырын тек үшінші – төртінші жылдан бастап қазуға болады.
tories/x_daefb865.jpg» width=»300″ height=»298″ alt=»x_daefb865″ />
Leave a Reply