жасыл дәріхана

tories/1271729439_aneevskaya_shkola_kalendula.jpg» width=»300″ height=»400″ alt=»1271729439_aneevskaya_shkola_kalendula» style=»float: right;» />

                                       Тырнақгүл (календула) шипасы
                                       Календула лекарственная (ноготки лекарственные)
                                       Calendula officinalis: Астрагүлділер тұқымдасы
                                       Семейство: Астровые-Asteraceae
      Сипаттамасы. Биіктігі 20-70 см жететін бұтақтанған сабақты біржылдық шөптесін өсімдік. Сабақ жапырағы сағақты, ұзын ланцет пішінді, кейде сағақсыз. Себеті үлкен, ені 50 мм, шет тілше гүлдері сары немесе қызыл-сары, ішек гүлдері қызыл, қос жынысты, тұқымы иілген, сыртқы дөңес жағында тікені бар. Маусым-қырқүйек айларында гүлдейді және жемістенеді.
      Таралу аймағы. Қазақстанда мәдени өсіріледі. Көп күтім қажет етпейді. Күн саулесі түсетін дымқыл жерде жақсы жетіледі.
      Химиялық құрамы. Гүл себетінде 3 процентке дейін каротиноидтар, тритерпенді сапониндер, эфир майлары, органикалық қышқылдар, флавоноидтар, иілік заттар бар. Сонымен қатар, гүл себетінде ащы зат календен, шырышты зат (4 процент), смола (3,44 процент), алма (6,84 процент), пентадецил қышқылы, салицил қышқылының ізі, әртүрлі каротиноидтар (3 процент)  каротин, ликопин, цитроксантин, т.б., аздап алкалоидтар, эфир майлары болады. Тырнақгүлдің әсер ету қасиеті көп жағдайда қызыл сары каротин пигментіне байланысты. Қызыл-сары гүлді сорттарының гүлінің құрамында парафин қатарының көмірсулары, тритерпенді гликозидтер аскорбин қышқылы бар.
      Қолданылуы. Дәрілік календула препаратының суық тигенге, жараны емдеуге, кан тазарту, бактерияға қарсы тұратын, түйлуді жазатын, өт айдайтын қасиеті бар. Календула препараты асқазан қабынуын, асқазан және он екі елі ішек жарасын, шаншу, бауыр, өт қабын емдеуде жақсы нәтиже көрсетті. Себетінің спиртті және су тұнбалы жүйке жүйесін тыныштандырады, қан қысымын төмендетеді, жүрек жұмысын жақсартады, жүрек қағысын реттейді. Орыстың және Украинаның халық медицинасында себетінен жасалған тұнбаны бауыр, көкбауыр, асқазан ішек жарасына, мешелге, құлақ ауруына, ғылыми медицинада тырнақгүлдің препаратын өт айдайтын және гинекологиялық сырқаттардың қанын тоқтату үшін қолданылады. Соңғы жылдары тырнақгүлдің препаратын жүрек ауруына, демікпеге, ісікке, қан қысымының бірінші және екінші сатысына кеңінен пайдалануда. Фармацевтика өнеркәсібі «КН» ерекше түйір дәрісін щығара бастады, ол тырнақгүлдің гүлінен және никотин қышқылынан тұрады.
      Асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісіктеріне қолданылады. Гүлінің тұнбасын сырт жараларға, күйікке, ұзақ созылмалы жараға, сыздауыққа қарсы пайдаланады, қабынуды жояды, ткандардың өсуін тездетеді, жараның біркелкі тегіс жазылуын жылдамдатады.
      Дайындау. 
      2 шай қасық гүлін 2 стакан қайнаған суға салып 15 минут бұқтырады, сүзеді. Күніне ½ стаканнан 4 рет ішеді.
      Спиртті тұнбасын дәкемен күйген жерге басады.
      5 г ұнтақталған гүлін немесе оның спиртті тұнбасын 25 г вазелинге араластырады. Майды жараға, сыздауыққа жағады.
      Қайнатындысын әзірлеу үшін 20 г гүлін 2 стакан суық суға салып 8-10 сағат ұстайды, 5 минут қайнатады, 30 минут тұндырады.Күніне 5-6 рет ішеді. Қайнатындысымен тамақ шайқауға, қолды кесіп алғанда, іріңді жараға және күйікке жағуға болады, Өнеркәсіпте 70 проц. Спирттік тұнбасын шығарады.
      Календула көптеген препараттардың құрамына кіреді. Темірдің тотығы араласқан каферида препаратымен қан аздылықты, сәуле ауруын және қатерлі ісіктің кейбір түрлерін емдеу ұйғарылды. Өсімдіктің тазартылған экстракты калефлон препаратының басым көпшілігін құрайды, оны асқазан жараларының асқынған түрлерін емдеуге пайдаланады.
      Бауыр, өт жолдарын, асқазан-ішек жолдарын, бүйрек және несеп жолдарын емдейтін қоспалардың құрамына кіреді.
      Гүл себеттерін гүл толық ашылғанда гүлтұғырынсыз барлық вегетациялық кезеңде жинайды. Жел тиетін қараңғы бөлмеде немесе кептіргіштің ішінде 40-450 С кептіреді. Күн сәулесі түспейтін қалың жәшікте құрғақ жерде 4 жылға дейін сақтауға болады.
                                                                                                                            Жанат ТОҚСАНБАЕВА,
                                                                                                                            Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
                                                                                                                            фармацевтика академиясы, фармакогнозия
                                                                                                                            және химия кафедрасының профессор м.а., фарм.ғ.к.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика