tories/19170195.jpg» width=»250″ height=»200″ alt=»19170195″ style=»float: right;» />
Сарып — жұқпалы аса қауіпті ауру. Бұл ауруды қоздырушы өте ұсақ бруцелла микроорганизмі болып табылады. Ол сыртқы ортаға шыдамды болып келеді, сондықтан тез жұғады және емдеуі өте қиын болады. Қазақстанда мал шаруашылығы кең өркендеуіне байланысты адамдардың сарыппен ауыру жағдайы жоғары болып келеді.
Адамдарға жұғу жолдары:
Жанасу жолымен, яғни қой қырқымы кезінде, ірі және уақ малды сойғанда, терісін сыпырып, етін жіліктегенде, төлін алғанда, сиырды, түйені, ешкіні сауғанда және тағы басқа жағдайларда тікелей жанасу арқылы жұғады.
Тамақ арқылы аурудың микробы жұққан азық-түлікті (сүт, сүт өнімдері, әсіресе ешкі сүті мен брынза, қаймақ, сары май, кәуап, т.б.) пайдаланғанда, шикі күйінде немесе жеткілікті дәрежеде қайнатып, өңдемеген жағдайда жұқтырады.
Адамдарда бұл ауру ұзаққа созылады. Оқтын-оқтын өршіп отырады, мүгедектікке соқтыруы мүмкін.Сарыптың алғашқы белгілері қалтырау, дене қызуының көтерілуі, тершендік болып табылады. Мұнан соң бүкіл дененің дел сал болуы, әлсіздік, жұмысқа қабілеттің төмендеуі, буындардың ауруы мен ісінуі, бұлшық еттер мен сүйектердің қақсап ауруы байқалады. Тершендік сарып ауруының негізгі белгісі болып табылады. Әсіресе, кешкі уақытта қатты терлеп науқас ішкі киімі мен төсегін жиі ауыстыруға мәжбүр болады. Науқастың лимфа жүйелері, бауыры мен көк бауыры ұлғаюы мүмкін.
Сарып кезінде адамның барлық мүшелері мен жүйелері, атап айтқанда жүйке, жүрек қан тамыр, қуық-жыныс, сияқты тағы басқа жүйелері зақымдануы мүмкін. Аяғы ауыр әйелдер түсік тастауы, немесе ерте босануы мүмкін.
Аурудың алдын алу шаралары уақ ірі қара малдармен жұмыс істегенде жеке бастың тазалық ережелерін сақтау-дан және тамақ өнімдерін, әсіресе сүт пен сүт өнімдерін дұрыс өңдеу керек. Уақ және ірі қара малдармен жұмыс істейтін адамдар сарыпқа қарсы егу алуларына болады.
А.МАНАБАЕВА,
Эпид. қадағалау бөлімінің бас маманы.
Leave a Reply