Тұмауға қарсы вакцинаны егу керек пе?

        Еліміздің барлық аймақтарында жылдың суық кезеңі басталды. Осы кезде суық тиіп, тұмауратып қалуыңыз әбден мүмкін. Иммунитеті әлсіз, аурушаң жандар қыс бойы бір емес, бірнеше рет тұмау ауруына шалдығады. Енді көп ұзамай жұқпалы тұмау кең етек алып, ауырып қалу мүмкіндігіңіз бірнеше есе жоғарылайды. Ауруды өткеруді жеңілдетіп, тұмаудан сақтап қалуға вакцинаның көмегі жайлы естіген боларсыз. Тұмауға қарсы вакцинаның еш қаупі жоқ па? Пайдасы қанша? Осы мәселені бірге зерттеп көрейік.

       Жыл сайын тұмау ауруының жаңа түрлері пайда болып, олардың денсаулыққа зияны артып келетіндігін естиміз. Тұмау эпидемиясы, мектеп пен балабақшалардағы карантин, вирустардың түрлілігі бізді еріксіз вакцина жайлы ойлауға итермелейді.

       Жыл сайын тұмау вирусы өзгеріп, оны тасымалдайтын жануарлар да ауысып жатады. Биылғы тұмау қандай болмақ? Биыл, бәрі ойдағыдай болса, бізге тұмаудың ерекше вирусының қаупі төніп тұрған жоқ. Осы жылы тұмаудың белгілері болып үйреншікті дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, шаршау, дененің ауыруы, жөтел, тамақтың ауыруы, мұрынның бітелуі не одан су ағуы болып қала береді.

tories/ec55741edb0af8ec621fa82ac7f8052b.jpg» width=»300″ height=»225″ alt=»ec55741edb0af8ec621fa82ac7f8052b» style=»float: right;» />

       Ерекше қауіп төндірмесе де, тұмау жыл сайын бәріміздің басымыздан бір рет болса да өтіп, бір аптаға бізді сабақтан, жұмыстан қалдыратын жайсыз ауру болып табылады. Енді тұмаудың алдын алудағы вакцинаның маңызды рөлін қарастырайық.
       Осы орайда вакцина жайлы ел арасында тараған бірнеше қате тұжырымдарды тізе кетейік:
          «Вакцина ексең, ауырмайсың» 
       Негізі вирустың әсеріне егуден өткен де, одан бас тартқан да түсе алады. Вакцина ауруды мүлдем болдырмайды емес, ол тек аурудың тез өтуін қамтамасыз етіп, асқынудан сақтайды.
          «Иммунитет үшін өмірде бір рет вакцина егу жеткілікті»
       Шешек, қызылша сынды аурулардан өмір бойына бір рет қана вакцина егу керек екендігі рас. Бірақ тұмау вирусы басқаша. Тұмаудың айлакер вирусы маусым сайын өзгеріп отырады, демек былтырғы салынған вакцина сізді биыл мүлдем қорғай алмауы мүмкін. Сонымен қатар тұмаудың вакцинасы әсерін 3-4 ай ғана сақтайды.
          «Тұмауға қарсы вакцинаны тегін салады»
       Біздің елде тұмауға қарсы вакцинаны тегін екпейді. Оны еш ақысыз тек кейбір мамандық иелері ғана (медициналық қызметкерлер, полиция қызметкерлері, кейбір қоғамдық жұмысшылар) ала алады. Балалар, қарттар үйінің өкілдері, медициналық тіркеуде тұрған балалар да вакцинаға тегін қол жеткізе алады. Зейнеткерлер мен балаларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Қалған адамдар медициналық орталықтарында вакцинаны орта есеппен 2000 теңгеге салдыра алады. 
          Вакцинаның пайдасы
       Тұмауға қарсы вакцина шын мәнінде жұмыс істейді, ол сізді эпидемия кезінде аурудан сақтап, тұмауға шалдыққан жағдайда, ауруды тез әрі жеңіл өткеруге көмектеседі. Бір вакцинаға кететін қаражат ертең ауырып қалған жағдайда дәрілерге кететін ақшадан әлдеқайда аз. Сонымен қатар сабағын және жұмысын қалдырғысы келмейтін жандарға алдын-ала вакцина жасаған дұрыс.
Кішкентай бүлдіршіндер үлкендерге қарағанда тұмауды қиын өткереді. Сол себепті балаларға да екпе жасатқан дұрыс. Вакцина балалар арасындағы аурудың асқынуын (өлімге дейін) 30%-ға төмендетеді. Жүкті әйелдер вакцинаны жүктіліктің 14-ші аптасынан кейін жасатқаны дұрыс.
       Егер сіздің жұмысыңыз қоғамдық жерлерде болса, вакцинаны жасатып алған дұрыс. Балабақша балалары, мектеп оқушылары мен студенттер де екпеден өткені жөн.
          Вакцинаны мына кісілерге салдыруға болмайды:
  · Жұмыртқа ақуызына аллергиясы бар;
  · Аурулары асқынып тұрған;
  · Температурасы көтеріліп тұрған;
  · Бұрын тұмауға қарсы вакцинаға жаман әсері болған адамдарға.
       Әрине вакцинаның сізге қажеттілі жайлы шешімді тек өзіңіз қабылдай аласыз. Вакцина салдырамын деп шешкен жағдайда келесі деректерді білгеніңіз жөн:
  · Вакцина эпидемия басталғанға дейін салынады;
  · Вакцина салдырғанға дейін және салдырғаннан соң антигистаминді дәрі қабылдау керек (аллергия қоздырмау үшін);
  · Вакцинадан кейін адамның қызуы көтеріледі (вакцина ағзамен әсерге түскендігін білдіреді). 
Дендеріңіз сау болсын!
Дайындаған: Сания АРИНОВА.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика