Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты гендік деңгейде ракты диагностикалаудың стандартталған тәсілін қамтамасыз ететін ПЦР-диагностика жүргізуге мүмкіндік беретін Cobas z480 диагностикалық кешенін сатып алды, деп аталмыш ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Сүрия Есентаева мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда рак ісігін анықтау үшін диагностиканың көптеген түрлері бар. Алайда дәлірек анықтайтыны ісік кезінде байқалатын гендер мутациясын анықтау бойынша генетикалық зерттеу деңгейінде жүргізілетін әдіс. Бұл қондырғы дұрыс ем таңдауға, дәріні әрбір науқасқа тиімді болатындай жеке таңдауға мүмкіндік береді. Бұл осы ауруларды емдеуде өте үлкен нәтижелерге жете алатынымызды білдіреді», — деп ол жуырда Алматыда қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
С.Есентаеваның айтуынша, Қазақстанда жылда 30 мыңнан астам адам түрлі қатерлі ісіктен зардап шегеді, бұл күніне 80-нен астам адам деген сөз.
Leave a Reply