tories/image-12-5f7e73db458cba274720d958f76b7e60.jpg» width=»200″ height=»134″ alt=»image-12-5f7e73db458cba274720d958f76b7e60″ style=»float: right;» />
Киевтік Адам экологиясы институтының ғалымдары барлық электронды құрылғылар кез келген тағамның құра-мындағы сұйықтықты өзгертетін сәулелер бөліп шығаратындығын дәлелдеген.
Тәжірибе жасау барысында Институт қызметкерлері жұмыс істеп тұрған компьютер мен ұялы телефон тұрған бөлмеге су құйылған ыдысты қойып қояды. Біраз уақыттан кейін сұйықтыққа молекулалық анализ жасайды.
«Судың құрылымындағы молекулалар электромагниттік өрістің аздаған әсерінен-ақ өзгергендігін көрдік», — дейді профессор Михаил Курик.
Егер жұмыс орныңызда анда-санда тамақтанып тұрсаңыз одан ешқандай қатер жоқ. Ал егер монитор алдында күнделікті бірдеңке ішіп-жеп отырсаңыз оның арты түрлі қатерлі ауруларға әкеліп соғуы мүмкін.
Сол үшін тамақты түрлі заманауи тех-нологиялардың жанында ұстауға болмайды. Оны тек пайдаланар алдында ғана сөмкеңізден шығарғаныңыз абзал. Ең дұрысы компьютер алдынан тұрып, алыстау жерде тамақтану.
Leave a Reply