Қалалықтардың құқықтық сауаттылығын көтеру жолы талқыланды

Шымкенттегі  А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында «Адам саудасы және оның алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мақсаты — адам саудасының алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Семинар-тренингті М.Әуезов атындағы ОҚУ Заң факультеті Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Бекбосынов Ермек Төленұлы жүргізді.
Адам саудасы мәселесі қазіргі өркениетті қоғамда да әлемнің басты проблемаларының бірі болып тұр. Бейресми деректерге сәйкес, әлемдегі үшінші ірі заңсыз бизнес түріне адам саудасы жатады. Болжам бойынша оның жылдық тауар айналымы 10-15 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл болжам ғана. Өйткені нақты мәліметке қол жеткізу әзірге мүмкін емес.
БҰҰ мәліметінше жаһандық адам саудасының көпшілігі Балқан түбегінде, ТМД елдерінде, Оңтүстік Америка құрлығында, Орталық Еуропада, Африкада, Шығыс Азияда орын алады екен. Әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайыздан астамын нәзік жандылар, яғни әйелдер мен қыздар құрайды. Ал жалпы құрбандардың үштен бірі балаларға қатысты екен.
Семинар-тренингке мемлекеттік мекеме қызметкерлері,зиялы қауым өкілдері, саясаттанушылар, азаматтық қоғам өкілдері, әлеуметтік желі белсенділері және жоғары оқу орындарының жастары қатысты. Олар тақырып аясында ақпарат алмасып, өз ой пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика