tories/banan.jpg» width=»250″ height=»192″ alt=»banan» style=»float: right;» />
Банан жемісі бүгінде ауыл қазағына таңсық болмай қалды емес пе? Әсіресе балалар құмар. Жемісін жейміз, ал, қабығын тастай саламыз. Сол қабықты да пайдасы бар. Бүгін жарамсыз деп ойлайтын сол қабықты қажетке жарату үшін бірді-екілі кеңес қоспақпыз.
Бананның жемісі секілді, қабығы да маңызды қоректік зат. Банан қабығын қыста кептіріп, ерте көктемде ұнтақтап қойыңыз. Ол жас өсімдіктің, көшеттің әу бастан жақсы өсіп-жетілуіне септеседі. Әсіресе, раушан гүлдеріне пайдалы.
Тек оны тереңірек көміңіз. Қатты пісіп кеткен банан мен оның қабығынан компот жасауға да болады.
Жемістің әсіресе күн жақсы жылынғанда тез бұзылатыны белгілі. Бұзылды екен деп лақтырып тастамаңыз.
Қалай кептіремін дейсіз бе? Оны кісі бойынан биіктеу өреге қойып, түнге қарай жауып тастаңыз. Тек оның бірнеше жерін тесіп қойыңыз. Өре бау-бақшаның ортасында болмасын. Себебі, қатты пісіп кеткен жеміске көбелектер мен құстар үйір болады.
Leave a Reply