Кейде өз-өзімізге «Біз не үшін өмірімізді 100% қызметке арнауымыз керек?» деген сұрақ қоюымыз мүмкін. «Атқарып отырған жұмысты 99,99% орындасақ жеткілікті емес пе?» деген сұрақ көлденеңдейтін кездер де болады. Ал, сол болмашы ғана жетіспеушіліктердің қандай зардап әкелетінін көбіне ойлана бермейміз. Мынаған қараңыз, егер көпшілік өзінің жұмысын 99,99%-ға ғана бітіретін болса, онда:
Сағатына 16 мың пошта жолдамасы жол бойы жоғалады;
Сағатына 22 мың дана ақша чегі басқа біреудің атына ағат жолданады;
Чикаго халықаралық әуежайында әр күні екі ұшақ қону барысында қатерге жолығады;
Күніне жаңа өмірге келген 50 нәресте ата-анасына ағат табысталады, яғни ауысып кетеді;
Шипаханада аптасына 500 рет операция жасауда ағаттық кетеді;
Дәрігерлер қауымы жылына 20 мың адамға дәрі беруде ағаттық жасайды, яғни науқас адамға басқа дәрі беріледі;
Жоғарыдағы 0,01% жауапсыздық және т.б. себептер салдарынан жүрегіңіз жылына түрлі себептермен 32 мың рет артық соғады.
Leave a Reply