Бақшаны қалай баптаймыз?

       Көктем келді. Дихан қауымның қайсыбір тобы  бүгінде не ексем екен деген ойдың жетегінде жүруі де әбден мүмкін. Ал, осы салада жинақтаған тәжірибесі барлары болса, күзде жиған тұқымдығын баптап, көшеттеп ендігі қызу іске кіріскен болар ендігі. Біздің бүгінгі кеңесіміздің кәсібін енді бастағалы жүрген жандарға пайдасы тиетініне сенгіміз келеді.

tories/131463379c2.jpg» width=»250″ height=»178″ alt=»131463379c2″ style=»float: right;» />

       Сонымен белгілі бір жағдайы жасалған жер учаскелері бар адамдар үшін шынында да көкөніс өсіру жақсы кәсіп болуы әбден мүмкін. Олай болатыны қазіргі кезде бұл өнімдердің нарығы өте кең, жеміс-көкөніс дақылдарын тек қарапайым тұтынушылар ғана емес, түрлі өндірістің өкілдері, базарлар мен супермаркеттер де сатып алады. Бұл тұста азық-түлік құнының құбылмалығын да есепке алыңыз. Мәселен, бүгін салған  мың теңгеңіздің енді бір бес-алты айдан соң кемі он еселеніп, қаржы қорыңызды айталықтай арттырып тастауы да әбден мүмкін. Оның үстіне жеміс-көкөніс дақылдарын тек жаңа піскен күйінде ғана сатып қоймайды,келіп жатқан жаңа технологиялардың арқасында оларды маринадтайды, мұздатады, сондықтан да қазіргі уақытта жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру секілді бизнес идеясы – бұрынғыдан да өзекті.

       КӘСІПТІ ТАҢДАДЫҚ, ЕНДІ НЕ ІСТЕЙМІЗ?
       Келесі кезектегі маңызды мәселе көкөніс дақылдарын жіктеу. 
       Жеміс-жидек және көкөніс дақылдарын таңдау мен орналастыру – жер учаскесін игерудегі аса жауапты міндеттердің бірі. Жеміс ағаштары мен жидек бұталарын  бақша дақылдары мен бүлдіргендерге  көлеңке түсірмейтіндей етіп орналастыру қажет.
       Жеміс ағаштарын ең дұрысы учаскенің солтүстік, солтүстік-батыс немесе солтүстік-шығыс бөлігіне орналастырған жөн. Дақылдарды бөлек отырғызу барысында олардың жарық сүйгіштігін ескеру керек және өсімдіктер оңтүстіктен солтүстікке  қарай өсуі керек. Учаскенің солтүстік жағына алма және алмұрт ағаштарын, олардың арасына орта бойлы көшеттерді – шиені, алшаны, жидек бұталарын отырғызған дұрыс болады.  Жидек бұталарын бақша  қатарларының арасына, жүзімді  – бақшаның оңтүстік немесе оңтүстік шығыс шекарасына қарай, шарбаққа жақын отырғызу керек.
       Жерді жырту алдында органикалық және минералды тыңайтқыштар себу қажет. Құмдауыт және қатпарлы болып келетін топыраққа қайта жырту алдында көң себу керек. Көктемде учаскені екі-үш рет тереңдігі 18-20 см етіп қайта өңдеп немесе күрекпен қайта қазып шыққан жөн, бұнымен қоса  тамыр кеміргіш арамшөптердің тамырларын, зиянкестер жұмыртқаларын (саратан қоңыз, бұзаубастан және т.б.) мұқият теріп шығады. 
       ТҰҚЫМҒА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
       Көкөніс дақылдарын өсіру барысында жақсы тұқым себудің маңызы зор, бұл көп жағдайда өнім көлемін ғана анықтап қоймайды, оның тұтыну құндылығын да білдіреді. Тұқым алуды кейінге ысырып, соңына қалдыра бермей,  ерте бастан ойлау керек. Оның негізі ретінде әрбір дақылдарға жоспарланған жер көлемін алу қажет. Тұқымдарды көп мөлшерде сатып алмаған жөн, өйткені (қиярды қоспағанда) барлық дақылдарды жаңа ұрықтардан өсірген жөн. Алынған ұрықты жылы жерде, кеміргіштер зиян келтіре алмайтын сақтаған керек.
       Картоп – еліміздің барлық өңірлерінің ұжымдық шаруашылықтары мен үй жанындағы бақшалары арасында кеңінен таралған дақыл. Картоп егуге дайындықты күзден бастау керек. Ең дұрысы – картопты қияр мен қырыққабаттан кейін отырғызу. Картопты қызанақ пен кәдіден кейін егуге болмайды. Ең жақсы тұқым материалы – жазғы егістен және екі өнімдік дақылдан алынған картоп түйнегі.
       Картопты күтіп-баптауға оны отырғызғаннан кейін 4-6 күн өткен соң ғана кірісу керек. Негізі, өніп жатқан түйнектер, топырақта жатып үнемі ауаны  қажетсінетіндіктен картоп түбін ұдайы қопсытып отыру керек. Отырғызу алдында түйіндерді жақсылап әзірлеп, өсімдіктер мен топырақты дұрыс баптаған жағдайда көктемгі егілген картопты қазуға маусымның 1-онкүндігінде кірісуге болады. Көктемгі отырғызылған өнімді ең дұрысы –жаз бен күзде пайдалану. Қазан айының аяғы мен қарашаның басында картоп өне бастайды. Қысқы және көктемгі кездерде пайдалану үшін картопты жазда отырғызу керек. Өндірістік мақсаттар үшін тұқымға жартылай піскен сорттарды таңдап,  картоп егуді 20-25 маусымда бастау қажет. Картопты тұрақты қоймаларда – жер қоймада, жертөледе, үй асты қоймасында  85-90% ылғалдық шеңберінде сақтаған дұрыс.
       Қиярлар да біздің елімізде кеңінен тараған көкөніс өсімдіктерінің бірі болып табылады. Оны егу мамырдың бірінші онкүндігінде жүргізіледі, ал уақытша жабында өссе, сәуірдің соңында отырғызуға болады. Олар қатарлап егіледі. Ерте пісетін сорттар үшін қатарлар арасы – 70 см, орташа және кешірек пісетіндері үшін  – 90 см. Көктегенге дейін қатарлар арасын қопсытып, арамшөптерден бірден тазартып тұру керек. Қияр өнімін олардың пісіп жетілуіне қарай теріп отыру қажет, себебі піскендерін уақтылы жинамау салдарынан басқа да жемістердің өсуі тежеледі. Шілде айында, жеміс салу күшейген кезде, өнім жинауды әрбір 1-2 күн сайын жүргізу керек. Қияр өнімін жинау барысында жемісті пышақпен кесіп алған жөн, жұлып алу өсімдікке зиянын тигізуі мүмкін, ал ол өз кезегінде өнім беруді азайтады. Сонымен қатар, сабақтарын басып кетпеуге тырысу керек.
       Көкөніс өсімдіктерін келесі негізгі топтарға бөледі:
1) жемістілер (қызанақ, қияр, кәді (баклажан), бұрыш, кәдіш (кабачок), асқабақ, асбұршақ, ірі бұршақ (бобы), үрме бұршақ (фасоль), соя және т.б.);
2) тамыржемісті және түйнек-жемістілер (сәбіз, шомыр (редька), шалғам (редис), шалқан (репа) және т.б.).
       Жеміс-көкөніс өнімдерінің ішіндегі тағы бір танымал түрі – алма.
       Алма көшеттерін отырғызатын шұңқырларды ертерек әзірлеу керек, топырақтың отыруына уақыт қалдыру үшін оларды кем дегенде көшет отырғызардан бір ай бұрын дайындаған дұрыс. Шұңқырларды тереңдігі 60 см-ге дейін, диаметрін 1-1,2 м-ге дейін, көшет отырғызылатын орыннан алынған топырақтарды органикалық тыңайт-қыштармен араластырып қазады.
       Қазақстанда өсіру үшін мынадай сорттар ұсынылады:
1) жазғы – Суйслеппер (алқызыл столовка),  Ажар,  Мельба, Ақ алма, Алақоржын;
2) күздік – Ренет Бурхартда (жаз лимоны), Титовка;
3) қысқы – Апорт, Жетісу ренеті, Алтын арай, Сары Бельфлер, Пепин Черненко, Теміртас, Кандиль-синап, Ақ розмарин.
       Алмалардың піскенін екі белгісі бойынша анықтайды: ең алдымен бұл жемістердің сорттарына байланысты түсі мен дәмінің сипатына қарай; екіншіден – сау алмалардың үзіле бастауына қарай. Сақтау үшін алмалардың барлық сорттары жарай бермейтінін ескеру керек. Тек күзгі және қысқы сорттар ғана жақсы сақталады. Олардың толық пісуі өнімді жинап алғаннан соң белгілі бір уақыттан кейін келеді: сортына байланысты –  күзгі сорттары 15-30 күннен кейін, ал қысқылары –  2-6 айдан кейін тұтынуға әбден лайық болады.  Алма желдетілетін, ауа температурасы 3°С, ауа ылғалдылығы шамамен 85-95%  орындарда жақсы сақталады. Бұндай жағдайлар жертөле немесе үй астын-дағы қоймаларда жасалуы мүмкін.
Алма ағзаның тазаруына жәрдемдеседі – олар ішекте холестериннің, ісіп-қызару үдерісі мен ас қорытудың бұзылуы нәтижесінде қалыптасатын зиянды өнімдермен, уыттармен және басқа да улы заттармен бірігу арқылы оларды ағзадан сыртқа шығарады.
       ТЕХНОЛОГИЯ
       Жер учаскесін игере бастағанда еңбек құралдарын да ойластыру керек. Топырақты өңдеу үшін еңбектің дәстүрлі құралдары күрек, тырма, түрлі құрылымдағы қопсытқыштар мен отауыштар және т.б.  пайдаланылады.
       Технологияның барлық элементтерін тиімді пайдаланбай, жоғары өнімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсіл табу мүмкін емес. Бірақ кез келген көкөністі өңдеу технологиясына тән бірқатар заңдылықтар бар.
       Жеміс-көкөніс дақылдарының көпшілігіне ортақ талап –  олардың мөлшерлеріне қарай ұрықтарын жұқа етіп жабу болып табылады (ұрықтарды бастырудың тереңдігі әдетте ұрық диаметрінен 3-4 есе үлкен болады. Бұл егістік топырағының қатпарын (2-4 см) өте тиянақты әзірлеуге ғана қатысты емес, ұзақ мерзім бойы ылғалды-лықтың сақталу әдістерін қолдануға да байланысты (ұрық әдетте 2-3 аптадан соң өсіп шығады), еккеннен кейінгі суару қажеттілігі де осыдан туындайды. Көктемде тез қызатын, мейлінше жеңіл (құмдауыт немесе сазды) топырақ пайдалырақ, ал екінші жағынан көкөніс дақылдарының көпшілігі ылғалды жақсы көреді және тұқым өне бастағаннан өнімнің қалыптасуы үшін ылғалдылық аса қажет.
Топырақтың ылғалдылығы басым, жылу жетіспейтін аймақтарда  жерді күзде емес көктемде аударған дұрыс (жерді күзде аудару оңтүстіктегі қуаң жерлер үшін пайдалы). Жылу мөлшері өте көп, ылғалдылық жетіспейтін қуаң өңірлерде топырақты күзде өңдеген дұрыс, өйткені жер күзгі-қысқы жауын-шашыннан ылғалды мол сіңіріп, көктемге жеткілікті түрде нығыздалуы керек. Бұлай жасаған уақытта көктемде ылғал аз буланып,  топырақ темпера-турасы да тез көтерілмейтін болады.
       Осылайша, көкөніс дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін (немесе олардың сорттары мен гибридтерін) ескере отырып, технологияның барлық элементтер кешенін мұқият орындау арқылы ғана өсімдіктің өсуі мен дамуы үшін және мол өнім алу үшін оңтайлы жағдай жасай аламыз.
       Сату. Көкөніс дақылдарын сататын уақыт келгенде, оларды базарға,  кез келген көкөніс дүкендеріне өткізуге болады. Әрі өзіңіздің ұсыныстарыңызды айтып, барлық жақын маңдағы дәмханалар мен мейрамханаларға хабарласып шығыңыз, мүмкін олар жаңа піскен көкөністерді алу үшін сізбен келісім-шартқа отырғанды дұрыс көрер.
 
       БОЛЖАМДЫ ЕСЕПТЕУЛЕР
       Шығыстар:
       Мәселен, егер учаске алаңы 8 сотық болса, онда егу үшін шамамен 2 қап егу картобы қажет. 1 қап = 3 000 теңге (сортына байланысты), яғни  2 қап х 3 000 теңге = 6 000 теңге.
Қиярдың 1 қорап ұрығы – 30 теңге (сортына байланысты), 8 сотыға 2 қорап қажет болады, яғни 30 теңге х 2 дана = 60 теңге.
        Табыс:
       8 сотық учаскеден шамамен 10-15 қап картоп жинауға болады (сортына және баптауына байланысты). 1 қап картопты сату – 4 000 теңге, яғни  10 (15) х 4 000 теңге = 40 000 (60 000) теңге.
       8 сотық учаскеден 30 кг қияр жинауға болады.  1 кг сату = 150 теңге (қыста), ал жазда = 50 теңге, сонда 30 кг х 50 (150) теңге = 1 500 (4 500) теңге.





Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика