Көктем жанаргүлі

tories/adonis2.jpg» width=»200″ height=»303″ alt=»adonis2″ style=»float: right;» />

       ОЛ ҚАНДАЙ ӨСІМДІК?

       Көктем жанаргүлі – биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін қоңырқай қара түсті, жуан тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы 3-4-тен топтанған, тік, кейде аздап көлбеулеу өседі.  Жапырақтары жұмыртқа пішіндес, тақталары жіңішке, майда бөліктерге бөлінген. Сабағының түп жағындағы жапырақтары саусақ салалы, ұзындығы 1-2см, ені 0,5-1,0см, жылтыр. Гүлдері ашық сары түсті, ені 4-4,5 см, тостағанша жапырақшаларының саны 12-20, сопақша пішінді, ұшы тіс тәрізді үшкір, ұзындығы 1,5-3,5см, ені 0,5-1см.
       Жемісі жұмыртқа пішіндес, ұзындығы 3,5-5,5см, қатпарлы, түкті, әр жемісшесінің ұшында иілген ілмешектері бар, бірнешеуі бірігіп, ұзындығы 2см ені 1,2см шоқпарбас құрайды. Көкек, мамыр айларында гүлдеп, маусым- шілдеде жемістенеді.
       Медицинада гүлдей бастағанда жер үсті шөбін пайдаланады. 

       ҚАЙДАН ТАБАМЫЗ?

       Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан аудандары. Тобыл-Есіл, Ертіс, Каспий, Алтай.Далалы ормандардың жиектері мен бұталардың арасында өседі. Республикада көктем жанаргүлінен басқа 7 түрі өседі. Солардың ішінде Сібір жанаргүлі, Волга жанаргүлі және Тянь-Шань жанаргүлі тиімді. Әсіресе, Тянь-Шань жанаргүлін көктем жанаргүлінің орнына қолдануға болады. Тау беткейлері мен жоталарында, Жоңғар, Іле, Күнгей, Көтпен, Теріскей Алатауларында өседі.

       Тянь-Шань жанаргүлінің қоры Иірсу-Қарқарада (Алматы облысы, Кеген ауданы) 50 тоннадан асады, жыл сайынғы дайындалу мөлшері 14-18,8 т. Ретсіз қазып алу салдарынан қоры азайып бара жатқандықтан « Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілді.                  
       ПАЙДАЛЫ ҚҰРАМЫ ҚАНДАЙ?

       Шөбінде-карденолидтер; адонитоксин, адонитоксол, цимарин, гидроксистрофан, тидин, 0,015-0,17% алкалоидтар бар. Тамырында карденолидтерден., адонилид, фукуюзол, линеолон және кумарин, алкалоидтар бар екендігі анықталды. Жер үсті мүшелерінде флавоноидтар, стероидтар, дәрумендер бар.
       
       ҚАНДАЙ АУРУҒА ЕМ?

       Жанаргүлден жасалған адонизид  препаратын жүрек тамыр, жүйке жүйесі ауруларына кеңінен қолданады. Көктем жанаргүлі халық медицинасында ерте көзден бері жүрек тамырлары ауруына ем ретінде пайдаланылып келеді. Препараттарынің адам ағзасына еш зияны жоқ. Жүрек және жүрек жүйкелерінің қызметі нашарлағанда көмегі болады. Жүйке жүйелері қозғанда, ұйқы қашқанда және қояншық ауруы ұстағанда броммен қосып ішуді ұйғарады.
       Шөбінің құрамындағы гликозидтер бұзылмау үшін жылдам кептіру қажет. Шикізатының жарамдылығын білу үшін жылда биологиялық белсенділігін тексеру қажет.
       Жүрек тамырларын және бүйрек ауруларын емдейтін қоспалардың құрамына енеді.

Ж. С. ТОҚСАНБАЕВА. 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, фармакогнозия және химия кафедрасының профессоры м.а., фарм.ғ.к.





Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика