Allure.ru басылымы Владимир Диденко есімді кардиолог маманнан жолды ауыр көтеретіндер үшін арнайы кеңес сұраған екен. Егер жол жүруден шайлығып, қайта-қайта жүрегіңіз көтеріле берсе, мына кеңестерді ұсынамыз:
· Ең оңай жолы мынау. Жолға шығар алдында жарты сағат бұрын дәріханадан арнайы дәрі алғаныңыз жөн.
· Ал егер химиямен емделгіңіз келмесе ұзақ жолдарға арналған Travel Dream білезігін қолданыңыз. Білезік алақаныңыздағы жүрекке әсер ететін қан тамырының нүктесін басады. Тиісінше жүйке импульсі миға хабар береді де, жүрегіңіз қысылмайды.
· Ал егер сіз жолда кетіп бара жатып жүрегіңіз айнығанын байқасаңыз терезені ашып, кең тыныс алыңыз. Құлақ астындағы ұңғы нүктені басып, қолыңызбен массаж жасаңыз. Шеткі терезеге немесе компьютер, телефон экранына қарамаңыз. Ал кітап оқуға тіпті отырмаңыз. Көзіңізді жұмып, қиялға ерік беріңіз.
· Жолға шығар алдында қарныңыз аш та, тоқ та болмауы керек. Ең дұрысы крекер жеп, шәй ішу. Алкоголь мен газдалған сусындарды ішпеңіз. Газ қарныңызды толтырып тастайды да жүрегіңізді одан бетер көтеретін болады.
· Автокөлікке отырсаңыз алдыңғы орынды таңдаңыз. Ал ұшақта қанат үстіндегі орын пайдалы болмақ, ал кемеде болсаңыз ең төменгі палубада жүрегіңіз көтерілмейді. Ал пойызда алдыңғы вагондарда болғаныңыз жөн. Ал орын таңдау кезінде ең аз шайқалатынын жерді таңдаңыз.
· Психологиялық фактор да маңызсыз емес. Сондықтан жағымсыз әсер туралы емес, одан да қуанышты, қызықты сәттерді еске алыңыз. Ән тыңдаңыз, жолсеріктермен сөйлесіңіз, ал ең дұрысы ұйықтап алыңыз.
· Егер жүрегіңіз сонда да көтерілетін болса, басыңызды оңға-солға, алға-артқа бұрып, сосын айналдыра жаттығу жасаңыз. Жаттығу 5 минут уақытыңызды алады, бірақ қан тамырларының жақсы жұмыс істегені себепті – құсып, өзіңізді жаман сезінбейтін боласыз.
Бетті дайындаған: Ардақ Құлтай
Leave a Reply