САҚТАН, САРЫП АУРУЫ!

       Сарып– бұл адамдар мен малдардың, бруцелла төменгі температурамен дымқыл ортаға ұсақ микробтар арқылы жұғатын жұқпалы ауру. 
       Жұқтыру  жолдары – қоздырғыш көзі ауыл шаруашылық малдары (ұсақ және ірі мүйізді жануарлар, шошқалар), кей жағдайда ит пен – мысықтар. Жануарларда ауру белгілерсіз, жасырын түрде өтеді, бірақ та бруцелла зәрмен, нәжіспен, сүтпен бөлініп шығады. Адамдар ауру малдармен  байланыста болғанда және залалданған тамақ өнімдерін қолданғанда, тері бүлінуі арқылы жұқтырады. (Көңде – 75 күн, жерде – 3-4 ай, сүтте 20-70 күнге дейін сақталады). 
tories/000385.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»000385″ style=»float: right;» />

       Жіті сарып – Ауру жұқтырғаннан аурудың бірінші белгілері білінгенше 1-3 апта немесе  кейде бірнеше айда біртіндеп басталады. Дене қызуы 37- тан,  39-40- қа дейін көтеріліп 3-күнен 7-күнге дейін адам қалтырап дірілдейді. Сонымен қатар, лимфа түйіндері ұлғайады. Бұлшық ет және буындары ауырады. 
       Созылмалы   сарып – белсенді және белсенді емес болуы мүмкін. Белсенді түрінде қалыпты жағдайдағы адамда қызуы көтеріледі. Аурудың жағдайы ауру белгілері байқалғанда күрт төмендейді. Бұндай жағдайда сүйену қозғалу аппараты зақымданады, соның нәтижесінде, бірнеше буын, ірі буындар және омыртқа (бел сегізкөз) қозғалысы шектеліп, ауырсынып жүреді. Жүйке жүйесі, (радикулит), жыныстық жүйе бұзылады (еркектерде белсіздік, әйелдерде бедеулік). 
       Сарыпты анықтау жолдары – сарып диагнозы зертханалық және рентгендік зерттеуден     соң қойылады. Қанды бактериологиялық зерттеуден өткізеді. Ауру жиі жағдайда асқыну нәтижесінде, ауру салдарынан  буын қозғалысының шектелуі, еңбекке жарамсыз болып қалуы мүмкін, ми зақымданғанда еңбекке жарамдылық төмендейді.
       Сарып ауруының алдын алу жолдары – Бұл ауылшаруашылығы малдарын  күтіп баптаудың ережелерін сақтау, және сарып ауруын жұқтыру қауіпі бар адамдарды (сауыншы, табыншы, ет комбинаты жұмысшылары) сарып ауруына қарсы екпе алуы қажет.Міндетті алдын алу шараларының бірі тамақ зарарсыздандыру: сүтті қайнату, ет өнімдерін алғанда анықтама қағазына көңіл аудару қажет. Барлық мал күтетін адамдар жеке бас тазалығын сақтап және жылына 1 рет алдын-алу тексерулерінен өтулері керек.

  
       Ж.Н.САРСЕКУЛОВА  Шымкент қаласындағы  Әл-Фараби аудандық ТҚҚБ-ның жетекші маманы


Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика