Адамшылық негізде бүкіл білім-тәрбиені сіңірген бала ата-ананың жақсы атын шығарады. Ал оған дейін бар міндет ата-ананың мойнында.
4. Баланы босату керек!
Ержетіп, бойжетіп тұрған бала үйден кетуге сұранса, жіберіңіз. Жақында ғалымдар мынадай қызыққа тап болды. Ата-анасы қарсы болып, рұқсат бермей қойған бірінші курстың балалары тұйық, мазасыз күйде жүретін көрінеді. Ал қарсылықсыз балаларда бәрі керісінше…
Бала 18 жасқа жеткенде сыртқа шығып, ел көргісі келеді.
5. Отбасының отын маздатыңыз!
Дүниеге бала келген соң көптеген отбасыларда дау-жанжал туындап жатады. Соңғы зерттеуге көз жүгірте кететін болсақ, ондай дау-дамайы көп отбасында бала ұйқысы қиындықтарға тап болатынын көреміз. Әсіресе, тоғыз бен он сегіз ай аралығында баланың ұйықтауы мүлдем қиын шаруаға айналмақ. Бар айтқымыз келгені, жақсы отбасында ғана жақсы ұйқы мен мамыражай тыныштық орнамақ.
tories/DSC01207.jpg» width=»250″ height=»188″ alt=»DSC01207″ style=»float: right;» />
6. ЖҮЙКЕҢІЗГЕ КӨҢІЛ БӨЛІҢІЗ
Депрессиялық жағдайға түсе беретін аналар бірінші кезекте арнайы маманға қаралуы тиіс. Әйтпеген жағдайда бала тәрбиелеу әдісін өзгертіп жібереді. Одан шыққан бала жаралы болып келеді.
7. АНАЛАР, ҰЛДАРЫҢЫЗҒА МЕЙІРІММЕН ҚАРАҢЫЗДАР!
Ата-ана мен бала арасында қоян-қолтық қарым-қатынастың орын алғаны дұрыс. Әсіресе, ұл балалардың анасымен достығы… Үнемі анасына үлкен сенімде жүрген ұл балалар болашақта әрбір қиындықтан қиналмай өтетін болады. Оның үстіне, романтикалық кездің сәтті жалғастық табуы үйдегі ата-анаға да байланысты. «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ұл бала отбасында көрген модельді жалғастырғысы келеді.
8. БАЛАНЫ БАСА БЕРУДІҢ КЕРЕГІ ЖОҚ
Балалар ата-аналарымен ашық әңгіме айта алмайды. Оған себеп, өз қатарластарының тарапынан көрсетілетін қысымдар.
Жасөспірімдер өздеріне тұра алған күннің өзінде ата-ана жақтан қолдау көрсетілуін қалайды.
9. КӨП ТАЛАП ЕТПЕҢІЗ
Бәрі де мүлтіксіз болуы мүмкін емес. Керісінше, «артық қылам деп, тыртық қылып аларсыз». Соңғы зерттеулер мойнында көп міндеттемесі бар балалар тиянақсыз, ойлары шашыраңқы болып келетінін анықтап отыр.
10. БАЛАЛАРДЫ БАР ЫҚЫЛАСПЕН ТҮСІНУГЕ ТЫРЫСЫҢЫЗ
Баланы тәрбиелеу мен түсіну — екеуі екі бөлек дүние. Ата-аналардың басым бөлігі осы жерде жаза басып жатады. Және көмекке зәру бола тұра, ата-анаға жүгіне алмайтын балалар зардап шегеді. Мұндай жағдайда бала өзіне керектіні ала алмайды…
Бетті дайындаған Б. ДОСАЕВА
Leave a Reply