Америкалық кардиология қауымдастығының кезекті отырысында ғалымдар газды сусындардың адам өміріне төндіретін қаупі туралы талқыға салды. Мамандар жүргізген зерттеу нәтижелері жылына 180 мың адам газдалған тәтті шырындарды ішудің салдарынан өмірлерімен қош айтысады екен деп хабарлайды РИА Новости.
tories/64486_1_1150x820.jpeg» width=»300″ height=»214″ alt=»64486_1_1150x820″ style=»float: left;» />
Яғни, құрамында газы бар суларды шектен тыс қабылдау артық салмақ жинауға себепші болып, жүрек-тамыр аурулары мен қатерлі ісікке шалдығатын көрінеді.
Соңғы деректер жер бетіндегі 133 мың адам диабеттен, 44 мың адам жүрек-тамыр және 6 мың адам қатерлі ісік дертінен көз жұмады. Әрі бұл көрсеткіштердің 78%-ы төмен және орта табысты мемлекеттерде кездескен.
«Мәселен бір ғана АҚШ-та 25 мың өлім тым тәтті сусындарды пайдаланғаннан орын алған» деп дейді доктор Джитенджали Сингха.
Мамандар әр адамның аптасына тұтынатын калориясы газдалған сусындарға шаққанда (күніне 2500 калорийден есептегенде) 450 калорийден аспауы керектігін алға тартты.
Leave a Reply